Атырау, 9 желтоқсан 23:56
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Кернеудің кесірі

2 933 просмотра

– Нәжімеденов көшесіндегі 13 шақты жеке үйлер жалғанған электр желісінің тозығы жеткен бөлігіне қатысты кімге шағымдануға болады? Кернеу үнемі құбылып тұратындықтан тұрмыстық техникалар жанып кетеді. Ал ақыр аяғында кінәлілерді таба алмайсың. «Атырау Жарықтың» бригадасын шақыртсақ, олар тек тиесілі шамадан екі есеге төмен кернеуді өлшейді де қояды. Бұл жағдай 2007 жылдан бері жалғасып келеді. Округтағы бүкіл үйді жаңа желіге ауыстырды. Ал біз бұрынғыша қалдық. Ильич шамы керосин шамынан да күңгірт тартып тұр. Егер мүмкін болса, «Атырау Жарық» басшылығына осы өтінішімізді жеткізсеңіздер екен, әйтпесе оларға жете алмай отырмыз.

www.azh.kz сайтынан

Біз сауалды «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр тарату жүйелерінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВҚА жолдаған едік. Ол былай деп жауап қайтарды: «Сіздің төмен кернеуге қатысты хатыңызбен танысып, себебін анықтау үшін өкілдер жібердік. Нақты мекен-жайдың болмауына байланысты біз шағым түскен тұтынушыны таба алмадық. Алайда Нәжімеденов көшесінің кейбір тұрғындарымен сөйлескен кезде, ешкім де кернеудің төмендігіне қатысты талап қойған жоқ.

Өткен жылдары бізге Нәжімеденов көшесінің тұрғындарынан шағымхаттар келіп түскен болатын. Оларға үйлердің көпшілігінде желілер электр қондырғыларының ережесі бұзылып орнатылғандықтан, желілерге шамадан тыс күш түсетіндігін хабарлаған едік.

Көшедегі кернеудің төмендігі тұрғындардың өз күштерімен орнатылған, біздің балансымызға алынбаған, (ВЛ)-0,22кВ әуе желісінің ұзындығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты «Атырау Жарық» АҚ-ның бұл жерлерде жұмыстар жасауға құқығы жоқ».

21 шілде 2011, 01:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.