Атырау, 27 желтоқсан 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Отанмен қоштасу оңай емес

2 503 просмотра

– Мен Ресейге тұрақты түрде қоныс аудармақпын. Бірақ бір проблема болып тұр. Ешқайда тіркелмегендіктен, маған есептен шығудың да қажеті жоқ. Ресейге тіркелер кезде Атыраудан есептен шығу талонын талап етсе не істеймін?

Телефон арқылы

Басқа елге тұрақты мекен-жайға көшу уақыт пен толық құжаттар пакетін талап ететін процедура. Ең алдымен сізге уақытша болса да Атырауға тіркелуіңіз керек. Қолыңызда халықаралық үлгідегі төлқұжат болуы тиіс. Онда тұрақты мекен-жайға көшкен жағдайда тиісті белгі соғылатын болады. Атырау облыстық ІІД көші-қон қызметінің инспекторы Нұрлан БИСЕКЕНОВТІҢ айтуынша, көшу құжаттарын рәсімдеу үшін қалалық ішкі істер бөліміне барып, ҚІІБ бастығының атына арыз жазып, сауалнама-өтінішті толтыру керек. Нотариалды расталған мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет: төлқұжат (барлық парақтары), жеке бас куәлігі, туу туралы куәлігі, ерлер үшін - әскери комиссариаттан есептен шыққандығы туралы анықтама, неке қию (немесе ажырасқандығы) туралы куәлігі, егер бойдақ болса – нотариуста расталған некеде жоқтығы туралы анықтама, барлық отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының, кәмелетке толған балаларының, аға-іні мен апа-сіңлі-қарындастарының) сіздің басқа елге тұрақты мекен-жайға көшіп баруыңызға берген келісімі, егер туысқандары қайтыс болған болса, онда қайтыс болғандығы туралы нотариалды расталған анықтамасы, кәсіпорынның ресми мөрі соғылған соңғы жұмыс орнынан берілген анықтама, мекен-жай есебінен алынған анықтама, Халық банкіне 1 512 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек, 3х4 көлемдегі 2 фотосурет және 2 тезтікпе (скоросшиватель). Тезтікпенің біріне құжаттардың барлық түпнұсқалары, екіншісіне көшірмелері салынады. Өтініш бір ай ішінде қаралатын болады. Осы уақыт ішінде азамат туралы мағлұматтар құқыққорғау органдарының, прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының, ҰҚК, прокуратураның барлық базалары бойынша тексеріледі. Егер бәрі дұрыс болса, оған басқа елге тұрақты мекен-жайға көшуге рұқсат беріледі.

7 шілде 2011, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.