– Көлікке қайда және қашан кедендік тазарту жүргізілгендігі туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Телефон арқылы
Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметкері Жанар БАЙҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын кедендік рәсімдеу фактісі туралы растау алу үшін ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайына ресми сауал жолдау қажет. Хатқа көліктің маркасын, моделін, кузовтың, двигательдің, шассидың нөмірлерін, шығарылған жылын, сондай-ақ, мүмкіндігінше, кедендік жүк декларациясының нөмірін көрсету керек. Хатқа техникалық төлқұжаттың көшірмесін тіркеу қажет. Анықтаманың жеткізілуіне кепілдік болу үшін хат жіберушінің толықтай пошталық мекен-жайы жазылуы керек.