– 1914 жылы туылған атам Мұхтар Баймағамбетов Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қолымызда оның бірде бір фотосуреті қалмапты. Әскери комиссариаттың мұрағатында атамның фотосуреті сақталуы мүмкін бе?
Еркін Баймағамбетов
Сұраққа Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Ардақ ҚОҚАТОВ жауап берді: «Бізде мұрағат бар, бірақ ол тізімдік, фотосуреттері жоқ мұрағат. Ол шақырту кітабы бойынша жасақталған. Бәлкім фотосуреттер ҚР қорғаныс министрлігінің мұрағатында немесе ресейлік Подольск қаласында бар шығар. Ол жерде сонау кеңес заманынан бергі қорғаныс министрлігінің мұрағаты сақталған. Бірақ егер ол офицер болған болса ғана табуға болады, өйткені олардың жеке істері туралы мәліметтер жинақталған. Егер ол біздің облыстан шақыртылған болса, туысқандары бізге өтініш жазсын. Біз оны қараймыз. Мұрағаттағы мәліметтер 75 жыл сақталады».