- Жаз айларының басталғаны сол, біздің ескі әуежай ауданында масадан қорғану қиын болып барады. Балалардың үстінің сау-тымтығы қалған жоқ. Масаларды өлтіру бойынша шаралар неге алынбай жатыр?
Әмина Камелова
«Керісінше, біздің мекеме маусым айының басынан-ақ тәуліктік жұмыс режиміне көшті. Күндіз біздер газондар мен жертөлелерді, ал, түнде ашық аумақтарды улаймыз,-дейді «Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕР. – Үнемі жаңбыр жауудың салдарынан жертөлелердегі жиналған сулардың деңгейі көтерілді, батпақты аумақтарда қамыс көптеп өсуде, ал, жертөлелер мен қамыстардың қалың өсуі масалардың көбеюіне таптырмайтын орын болып саналады.
А.Думлердің айтуынша, сәуір айында қалалық санитарлық қызмет улауды қажет ететін 11 су қоймаларының тізімін берсе, ал бірнеше қатты жауыннан кейін олардың саны 96-ға жетті. «Атырау облыстық дезинфекциясына» «Арнаулыавтобаза» көмектесіп отыр. Осы мекеме қызметкерлері ну қамыс пен қурайларды шауып беруде. Ал, «дезинфекцияның» өзі масалармен кезең-кезеңді күресіп отыр. Қазір олар Авангарда, Сатбаев даңғылы, Тұрғын үй қалашығын улауды аяқтады. Ескі әуежай ауданына әзірге жете қойған жоқ.