– Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32, 32-а үйлердің тұрғындары атынан шағымданып отырмыз. Суару маусымы басталғаннан бастап, біздің үйлеріміздегі салқын судың қысымы күрт төмендеп кетті. Салқын су түнде ғана жүреді, оның өзінде сыздықтап қана ағады. Өткен жылы біздің ауданымызда жаңа насос орнатылды. Оған Сәтбаев бойындағы №8, 10, 12 үйлерді қосты. Оларда су тіпті, 5-ші қабатта да жақсы жүруде. Біздің ПИК-тің жіберген хатына қалалық әкімдіктен жауап келді. Онда өткен көктемде барлығы дұрысталады делінгенімен, әзірге ештеңе істелінген жоқ...
Телефон арқылы
«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВ: «Сәтбаев даңғылы бойындағы №32 және 32-а тұрғын үйлерінің су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу 2011 жылға арналған қалаға су тарту және сумен жабдықтау нысандарын күрделі жөндеу жоспарына енгізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, су құбыры пайдалануға берілгеннен соң жоғарыда аталған үйлерді сумен жабдықтау қалыпқа келетін болады».