Атырау, 8 қараша 20:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.22
€ 529.38
₽ 5.03

Сарышаян сарыуайымға салды

5 088 просмотра

- Біз Жерұйық мөлтек  ауданында жеке үйде тұрамыз. Жақында мен үйдің ішінен сарышаянды тауып алдым, енді соған қатты алаңдаулымын. Адамдар үшін сарышаяндар қаншалықты қауіпті, егер ол шағып алған жағдайда қандай ма бір қызмет мекемелерін шақыруға бола ма?

Жәния

«Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС директорының орынбасары Александр ДУМЛЕР жауап береді: «Сарышаяндар біздің «клиенттеріміз» емес, олар да сол қарақұрттар секілді біздерде сирек кездеседі. Хабарласып отырған адамның көргені нақ сарышаян екендігіне көз жеткізу керек: Сарышаянның «құйрығында» (мүшелі иілгіш метасом) улы инемен аяқталатын тельсон болады. Соңғы рет сарышяндардың қалада кездескендігі туралы дабыл осыдан бес жыл бұрын тіркелген еді. Ол кезде олар оңтүстіктен орман ағаштарымен бірге келген болатын. Сарышаянның тұрғын үйдің ішінен табылғандығы таңғаларлық, әдетте олардың қарақұрттардан айырмашылығы сол үй-жайларда болмайды, көбіне далада кездеседі. Сарышаян шаққан жағдайда уытсыздандыру терапиясынан өту үшін міндетті түрде дәрігерге  көрінулеріңіз керек. Бұдан басқа, үйді улау үшін біздің мамандарымызды ақылы негізде шақыртуларыңызға болады».

23 маусым 2011, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.