Атырау, 1 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ереже баршаға бірдей

2 440 просмотра

– Жол қозғалысының ережесі жол-патрульдік қызмет қызметкерлеріне де қатысты ма, жоқ па, нақтылағым келген еді. Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің рөлде отырып, ұялы телефонмен де сөйлесетіні, алдыңғы және артқы әйнектері күңгірттелген көліктерімен де жүретіні құпия емес. Менен дәлел талап етудің қажеті жоқ, оны қарапайым көзбен көруге болады. Жақында жол-патрульдік қызметінің қызметкері алдыңғы бүйір әйнегіндегі тор үшін айыппұл салды (олар әйнекке сорғыш арқылы бекітіледі). Ал өзі сол кезде күңгірттелген жеке көлікте отырды. Мұны қалай түсінуге болады?

www.azh.kzсайтынан

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Асылбек ЖАУЫМБАЕВ жауап берді:

– Әрине, көлік қозғалысының ережелері барлығына бірдей. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері жалпыға бірдей ережемен жүреді. Бізде профилактикалық топ бар. Ол осындай фактілерді анықтайды. ІІД жанында ішкі қауіпсіздік қызметі болады. ЖПБ-ның өзінде бақылау-профилактикалық жұмыс бөлімі бар. Бұл жағдайда оқырман соларға жүгіне алады. Бұл бөлімге, егер, айталық, жүргізуші инспектор рәсімдеген хаттаманың заңдылығын және негізділігін тексергісі келсе, бөлім қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізеді. Егер инспектордың әрекеті шынымен де дұрыс болмаса, онда оған қатысты шаралар алынады. Сондай-ақ, бақылау-профилактикалық жұмыс бөлімінің қызметкерлері ІІД кадрлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге ІІД қызметкерлері тарапынан жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу мақсатында сенбі мен жексенбі күндері шығып тұрады.

– Қандай ереже бұзушылықтар кездеседі?

– Мәселен, жүргізу куәлігінсіз... сенімхатсыз... қауіпсіздік белдігінсіз... құжатсыз... Негізінен осындай ұсақ ереже бұзушылықтар. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама жасақталады.

14 шілде 2011, 22:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.