– Екінші аптадан бері сусыз отырмыз. «Атырау су арнасына» қоңырау шалған едік, бірақ ондағылар ештеңе түсіндірмеді. Көршілердің бірі су арнасындағылар суды апаттың салдарынан жауып тастағанын, бірақ ақауды жою үшін еш жұмыс жүргізілмей жатқандығын айтады. Көшемізде 30 шақты үй болса, көбінің үйінде бала бар. Сусыз қиын боп тұр.
Атырау ықшам ауданындағы Запорожский өткелінің тұрғындары
«Атырау Су Арнасы» директорының өткізу жөніндегі орынбасары Левон ОВСЕПЬЯН:«Запорожский өткеліндегі судың берілуі оның далаға кетуі салдарынан уақытша тоқтатылды. Тұрғындардың бірінен ауласының суға кетіп жатқаны туралы шағым түсті. Біздің қызметкерлеріміз тексеру жүргізіп, құбырдың жарамсыз екені анықталған соң, суды жауып тастады. Қазір Запорожский өткелін жаңа құбырға ауыстырып қосу туралы шешім қабылданды. Жұмыстар жалғасуда».