Сұрақ-жауап Талонсыз тексеру - ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа жылдан бастап Қазақстанда техникалық қадағалау қағазсыз болады деген болатын. Көлік иелері барлық процедуралардан өтіп, бұл туралы хабарламаны, сәйкесінше, органдар интернет арқылы алады делінген. Биыл қағаз талондар беріле ме? 9 қаңтар 2013, 18:54 1 753 просмотра
Сұрақ-жауап Есеп бұзылды - Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 1 941 просмотра
Сұрақ-жауап Қауіпсіз байланыстар - Мен көп жылдардан бері бір ұялы байланыс компаниясының телефон нөмірін қолданып жүрмін. Нөмір қазір жойылған фирманың атына тіркелген. Жақында мен осы компанияға кіріс, шығыс қоңырауларының және смс-хабарламалардың дерек-тізімін беруге өтініш білдірген едім, алайда олар нөмір менің атыма тіркелмегендігін негізге алып, беруден бас тартты. Компанияныкі дұрыс па? 9 қаңтар 2013, 18:55 1 861 просмотра
Сұрақ-жауап Негізгі көше қайсысы? – Біршама уақыттан бері Балғымбаев – Жарбосынов қиылысында («Ренко» мейманханасының маңында) қозғалыс басымдығы өзгерді. Бұрын Жарбосынов көшесінен Балғымбаевқа бұрылатын машиналарда артықшылық бар болатын. Оларды мейманхана жақтан және SOS емханасы орналасқан тұйықтан шығатын көліктер өткізіп жіберетін. Енді артықшылық Балғымбаев көшесіне берілген. Бұл қиылыста қозғалыс көп емес. Ендеше өзгерісті енгізуге қандай қажеттілік болды екен деген сұрақ туындап отыр. 26 желтоқсан 2012, 17:02 2 008 просмотра
Сұрақ-жауап Ажырасу тәртібі – Ажырасуды ұйғарған едім, бірақ сотқа қалай арыз жазу керектігін білмеймін. Қандай құжаттар тіркеу керек? Алимент пен мүлікті бөлісуге басқа арыз беру керек пе? Сотта адвокаттарға жүгінуге кеңес берген еді, бірақ олардың қызметтерін төлейтін қаржым жоқ. 26 желтоқсан 2012, 16:59 76 349 просмотра
Сұрақ-жауап Қайырымдылық үлесі - I, II, III топтағы мүгедек жандарға сыйақы беріліп жатыр деп естідім. Құжатты күзден бері тапсырсақ та, сыйақы әлі түспей жатқанына алаңдап отырмыз. Неге кешіктіріліп жатыр екен? 26 желтоқсан 2012, 17:06 2 129 просмотра
Сұрақ-жауап Барлығы бақшаға! - Бірнеше жылдан бері мемлекеттік балабақшадан орын ала алмай келеміз, сондықтан да баламызды жекеменшік бақшаға апарып жүрміз. Балаларын жекеменшік бақшаға беріп жүрген ата-аналарға «Балапан» бағдарламасы бойынша өтемақы төленеді деп БАҚ беттерінен бірнеше рет оқыдым. Облыс әкімі соңғы бір сөзінде осы мәселені қозғап, өтемақылар 2013 жылдан бастап төленеді деп мәлімдеген болатын. Құжаттарды қайда тапсыру керек (ХҚО-ға ма әлде қалалық білім беру бөліміне ме)? Қандай құжаттар дайындау керек? Ақша қалай аударылады – арыз берушінің атына ма әлде балабақша шотына ма? Төлемақы төлеу мерзімі қандай? 19 желтоқсан 2012, 16:40 4 100 просмотра
Сұрақ-жауап Еңбек демалысы, сақ бол! - Өткен жылы мен еңбек демалысын желтоқсан айында алған едім, ал биыл ертерек – тамызда алуды жөн көрдім. Алайда есеп бөлімі маған өткен еңбек демалысынан 12 ай уақыт өтпегенін негізге алып, сауықтыру ақысын толықтай төлеуден бас тартты. Тек жұмыс жасаған 8 айға есептеп, аударды. Есеп бөлімінің бұл әрекеті дұрыс па? 19 желтоқсан 2012, 16:46 11 762 просмотра
Сұрақ-жауап Құжатымды қалай алам? - Мен тамыз айында Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың педагогика-психология факультетінің сырттай оқу бөліміне құжат тапсырған едім. Енді оларды қайтып алғым келеді. Оқу ақысын төлей алмаймын. Алайда маған қыркүйектен бері төленуге тиісті оқу ақысының бағасы көрсетілген түбіртек берді. Ал мен бірде-бір сабаққа қатысқаным жоқ және білім беру қызметтерін көрсету үлгісі туралы келісім-шартқа қол қойған жоқпын. 19 желтоқсан 2012, 16:44 1 924 просмотра
Сұрақ-жауап Жаңа жылда СТН болмайды - Мен СТН куәлігімді жоғалтып алдым. Оны қайтадан жасатудың қажеттілігі бар ма? 19 желтоқсан 2012, 16:53 1 856 просмотра
Сұрақ-жауап Ауған жауынгеріне жеңілдік - Бұрынғы ауған жауынгерлерінің негізгі еңбек демалысы күндеріне төленетін қосымша күн қосып алу құқығы бар ма? 19 желтоқсан 2012, 16:52 1 652 просмотра
Сұрақ-жауап Заңгерсіз шешу қиын - Биыл ұлым институттың сырттай оқу бөліміне түскен. Біз оқу ақысының үштен бірін төледік, алайда отбасы жағдайына байланысты ол оқи алмады. Енді ол оқуын келесі жылдан бастамақ. Алайда, біз құжаттарын ала алмай отырмыз, 6 мың теңге төлеу керек дейді. Оған қоса оқу үшін төлеген ақшамызды қайтарудан бас тартып отыр. Бұл заңды ма? 19 желтоқсан 2012, 16:43 2 839 просмотра
Сұрақ-жауап Асфальт келер жылы төселеді - Геолог поселкесінен Теңдік ауылына барар жолда орналасқан Строительный көшесінің көлік жолы 2012 жылы күрделі жөндеуге жатады деген тізімге енгізілген. Жыл аяғы болды, ал асфальт әлі күнге дейін жоқ. Жөндеу қашан жүреді? 12 желтоқсан 2012, 23:04 1 853 просмотра
Сұрақ-жауап Дау туғызған табель – Біздің ЖШС-де жұмыс уақытын есептеу табелін екі адам: учаске бастығы (прораб) мен шебер (директордың туысы) жүргізген еді. Нәтижесінде жалақы шебер жасаған табель бойынша есептелді. Онда сағаттар қиып тасталған болатын. Табельді кім жасауы тиіс? 12 желтоқсан 2012, 23:06 2 498 просмотра
Сұрақ-жауап Емханаға барыңыз – №24 балабақшада 4 жастағы бүлдіршіндерге Манту екпесін қандай негізде салып жатыр? Балабақшадағылар маған мұны түсіндіре алмады. 12 желтоқсан 2012, 23:00 2 741 просмотра
Сұрақ-жауап Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ – Біз Балықшыдағы Байжігітов көшесі, 84-үй мекен-жайындағы көпқабатты үйде тұрамыз. Үйіміз жылытылмайды. Әкімдіктегілер бұл жөнінен хабардар, бірақ ештеңе шешілмей отыр. Кейбір тұрғындар газ конвекторларын орнатуға тырысқан, алайда газшілер оларға рұқсат беруден бас тартып, бүкіл үйдегі газдың келуін тоқтатып тастады. Дегенмен, танымал ЖШС-лердің бірі 100 мың теңгеге газшілер мен ТЖ қызметкерлерінен рұқсат аламыз деп отыр. Сонда ақша төлеп, рұқсат алуға бола ма? 12 желтоқсан 2012, 19:23 1 989 просмотра
Сұрақ-жауап Жалақысы туралы білуге құқылы – Мен кассир болып жұмыс жасайтын сауда мекемесінің әкімшілігі қызметкерлерге еңбекақыдан ұсталған және қосылған үстемелер туралы ақпарат беруден бас тартады. Кәсіпорында қосарлама бухгалтерия бар ма деп күдіктенемін. Біз жұмыс берушіден еңбекақы туралы түсінік талап етуге құқылымыз ба? 5 желтоқсан 2012, 17:51 2 232 просмотра
Сұрақ-жауап Кешіктіру себеп емес – 2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 229 просмотра
Сұрақ-жауап Жергілікті болғаны жөн – Мен өзім басқа қаладан келіп, Атырауға жұмысқа орналастым. Кадрлар бөлімі Атырауда тұрғылықты мекен-жайға тіркелуді талап етеді. Олардың талап етуі дұрыс па? 5 желтоқсан 2012, 17:56 2 383 просмотра
Сұрақ-жауап Ұлтын өзі таңдасын – Менің жұбайым - Молдавия азаматы. Мен Қазақстан азаматшасымын. Осыдан бірнеше ай бұрын өмірге баламыз келді. Туу туралы куәлікті рәсімдеу барысында «әкесінің ұлты» деген бағанға сызықша қойылған. АХАТ бөлімінің қызметкерлері мұны жұбайымның төлқұжатында оның ұлтының көрсетілмегендігімен түсіндірді. Оның ұлты шындығында молдаван, бірақ, Молдавия азаматтарының төлқұжаттарында тек азаматтықтары ғана жазылады, ал, «ұлты» деген баған болмайды. Біз енді не істеуіміз керек? Біз болашақта баламыздың ұлтын таңдау құқығы болғанын қалап едік. 5 желтоқсан 2012, 18:06 2 953 просмотра
Сұрақ-жауап Атамның атын алсам деймін – Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:47 2 190 просмотра
Сұрақ-жауап Өз мектептерін сағынды – №17 мектептің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Бастауыш сыныптар көрші №11 мектепте сағат 11-ден 15-ке дейін оқиды, бұл тіпті қолайсыздық туғызып отыр. 5 желтоқсан 2012, 18:05 1 768 просмотра
Сұрақ-жауап Жеделсатылар жоғарыға көтерілмейді – Алмагүл ықшам ауданындағы үйлердің жеделсатылары қашан жөнделеді? 28 қараша 2012, 16:27 2 115 просмотра
Сұрақ-жауап Тосын сый жасағыңыз келсе – Мүлік рәсімделетін адамның қатысынсыз сыйға тарту келісім-шартын рәсімдеуге бола ма? Бұл келісім-шартқа осы пәтерге тіркелген адамдардың келісімі керек пе? Әлде сыйға тарту шартын қожайынның өзі ғана рәсімдеуге құқығы бар ма? 28 қараша 2012, 16:16 7 509 просмотра
Сұрақ-жауап Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады – Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі? 28 қараша 2012, 16:21 1 817 просмотра