Сұрақ-жауап Жәрдемақыдан бөлек жеңілдік бар - Мен ІІ топ мүгедегімін, 20 мың жәрдемақы аламын. Бұл ақшаға өмір сүру өте қиын. Жәрдемақыдан басқа мүгедектерге не тиесілі және коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдіктер бар ма, соны біліп берсеңіздер екен. 14 наурыз 2013, 00:00 2 898 просмотра
Сұрақ-жауап Астаналар екі есе жақындай түспек - Жазда бізде «Алматы-Атырау-Алматы» жүрдек теміржол бағыты пайда болады деп естідім. Осы рас па? 14 наурыз 2013, 00:00 2 190 просмотра
Сұрақ-жауап Алты жатақхана салынады - Мен аудан тұрғынымын, ұлым Атыраудағы кәсіптік-техникалық лицейге оқуға түскісі келеді. Жатақхана жағдайы қалай болар екен? 14 наурыз 2013, 00:00 2 380 просмотра
Сұрақ-жауап Жасөспірімдерге жоламасын - ҚР Еңбек Кодексінің 31-бабында жаңа талап пайда болды. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынуы қажет. Бұл талап тек жаңа қызметкерлерге ғана қолданыла ма, әлде еңбек келісімшарты жасалғандар да осындай анықтама ұсынуы тиіс пе? 14 наурыз 2013, 00:00 2 040 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл - өтемақы - Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің биылғы жыл басынан бастап коммуналдық қызметтерді төлеуден босатылғаны рас па? 14 наурыз 2013, 00:00 2 050 просмотра
Сұрақ-жауап Ұшу қауіпсіз - Келесі аптада Астанаға іссапармен бармақпын. Менің жүктілігіме (19 апталық) ұшу сапарым қалай әсер етер екен? 14 наурыз 2013, 00:00 1 925 просмотра
Сұрақ-жауап Ұсыныс деңгейінде қалды - Емханадағы гинеколог жүктілік бойынша уақытында (12 аптаға дейін) есепке тұрған барлық әйелдерге 16 мың теңгеден ақша төленетіндігін айтты. Осы рас па? 14 наурыз 2013, 00:00 1 971 просмотра
Сұрақ-жауап Ақылды телефон бар - Біз Жұлдыз ықшамауданында, мешіттің маңындағы 8-көшеде тұрамыз. 2012 жылдың тамызында байланыс қызметіне өтініш бергенбіз, бірақ әлі күнге дейін телефонсыз отырмыз. Операторлар бос сыйымдылық жоқ деседі. Ал көршілерімізде байланыс бар. Неге бұлай? Байланысты қаншалықты ұзақ күтуіміз керек? 14 наурыз 2013, 00:00 2 160 просмотра
Сұрақ-жауап Байланыстан тыс жерде – Бір жыл бұрын Балауса ықшамауданында монтаждау мекемесі «Қазақтелекомның» тапсырысы бойынша телефон желісін жүргізді, бірақ әлі күнге дейін байланыс жоқ. Бұған не себеп болып отыр? 14 наурыз 2013, 00:00 2 370 просмотра
Сұрақ-жауап Көршілер, шатырды жөндеуге бірігіңдер! – Менің есімім - Тимур Мәтжанов, бала кезден ІІ топ мүгедегімін. Сәтпаев, 10-үй, 80-пәтер мекен-жайындағы бір бөлмелі пәтерде, бесінші қабатта анаммен бірге тұрамын. Төбемізден су кетіп, сылағының түсіп жатқанына жеті жыл болды. ПИК-ке әлденеше рет хабарластық, бірақ ондағылар қаржының жоқтығын айтып, шатырды өзімізге жөндеуді ұсынып, есесіне пайдалану шығындарынан 15 мың теңгені шегеріп тастайтындықтарын айтты... 14 наурыз 2013, 00:00 1 711 просмотра
Сұрақ-жауап Ықшам аудандардағы кернеулер – Жыл басында «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ кейбір тұрғын массивтеріндегі кернеуге қатысты проблемалардың қосымша абоненттердің қосалқы стансаларға заңсыз қосылуымен байланысты екендігін айтты. Осыған байланысты проблема туындап отыр. Кезінде «Жерұйық» ықшамауданындағы 6 үйдің өз трансформаторы болды. Уақыт өте келе «Атырау-Жарық» бізді өзінің ортақ қосалқы стансасына қосты. Қазір біздің үйімізде төмен кернеудегі жарық беріліп отыр. Бұл жағдайдан шығатын нақты жолдар бар ма? Егер қосымша абоненттер біздің трансформаторға қосылған болса және «Атырау-Жарық» олардан да абоненттік төлем жинайтындығын ескерсек, ол бұл жағдайға қалай ықпал ете алады? 14 наурыз 2013, 00:00 2 388 просмотра
Сұрақ-жауап Зейнетақы көбейді – Еңбек министрлігі 1 қаңтардан бастап төменгі зейнетақының 17 419-дан 19 066 теңгеге дейін, ал орташа мөлшері 32 928 теңге, базалық мөлшерлеме (9 330 теңге) есебімен - 42 258 теңге құрайтынын мәлімдеді. 2012 жылы мен 28 166 теңге зейнетақы алдым. Қаңтардан бастап 30 593 теңге ала бастадым. Төлем орталығындағылар маған есептелген 21 166 теңге зейнетақыға базалық мөлшерлеме - 9 330 теңгені қосқандықтарын түсіндірді. Егер бұрын 28 166 теңге алған болсам, 21 166 теңге деген цифр қайдан шыққан? 14 наурыз 2013, 00:00 3 057 просмотра
Сұрақ-жауап Қоғам көмекке келеді «Қайғыны бөліссең, жеңілдейді» мақаласында («АЖ» №5, 31.01.13 ж.) әкесіз қалған балалардың Қызыл Жарты ай Қоғамы желісі бойынша асыраушысынан айырылуына байланысты арнайы жәрдемақы алуға құқығы бар делінген. Осы жәрдемақыны ресімдеу үшін қандай құжаттарды қайда тапсыру керек? 7 наурыз 2013, 00:00 1 692 просмотра
Сұрақ-жауап Алдымен төлемнен құтыл – Мен бас кеңсесі Ресейде орналасқан Атыраудағы фирмаға басшылық еткен едім. Жақында келісімшарт мерзімі аяқталып, жұмыстан босадым. Жұмыс кезінде есепші дер кезінде есептеме тапсырмағандықтан фирмаға және маған айыппұл салынды. Мен өз айыппұлымды төледім. Енді менің бұрынғы жұмыс берушім кәсіпорынға салынған айыппұлды да менің төлеуімді талап етуде. Әйтпесе өткен мерзім үшін еңбекақымды және пайдаланылмаған еңбек демалысымның өтемақысын төлемейміз деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр. Бірақ айыппұл директорға емес, кәсіпорынға салынды ғой. Осы дұрыс па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 478 просмотра
Сұрақ-жауап Бұрынғыша есептеледі Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 2 789 просмотра
Сұрақ-жауап Өтемақы ала алмайсыз – Фирмада екі жыл жұмыс істегеннен кейін өз қалауым бойынша жұмыстан кетуді ұйғардым. Бұл туралы алдын ала басшылығыма ауызша түрде ескерткен едім. Бірақ ол басқаша әрекет етті. Өтіп кеткен күнмен мерзімі жақында ғана өткен еңбек келісімшартын дайындап, мені қол қоюға мәжбүр етті. Әйтпесе лауазымдық міндеттемесін орындамады деген баппен жұмыстан шығарып жібереміз деп қоқан-лоққы жасады. Міндеттемемді адал атқарсам да, қолымды қойдым. Осыдан кейін ғана есеп бөліміндегілер қызметтен босарда берілетін жәрдемақыны ала алмайтынымды айтты. Осы рас па? 7 наурыз 2013, 00:00 2 102 просмотра
Сұрақ-жауап Шетелдіктерге - ақылы – Құрбым – Молдова елінің азаматшасы, қазір осында жұмыс жасап жүр. Жүкті болғандықтан есепке тұрғысы кеген еді, бірақ емханадағылар шетелдік азаматтарға тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетілетінін айтты. Жүкті әйелдер үшін жеңілдік жоқ па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 415 просмотра
Сұрақ-жауап Заңды демалыс – Мен Қашағанда 28/28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасадым. Содан кейін мені бұйрық арқылы 7/7 күн кестесімен Атырауға ауыстырып жіберді. Алдыңғы келісімшартқа сәйкес, мен 28 күн демалуға тиіс едім, бірақ бар болғаны 23 күн демалдым. Үстеме 5 жұмыс күні үшін маған төлемеді. Бұл заңды ма? Тек менің мекен-жайым ғана өзгерді, ал компания орнында қалды ғой. 28 ақпан 2013, 00:00 2 666 просмотра
Сұрақ-жауап Айырбас жасалмайды – Біз 1961 жылы шығарылған 10 рубльдік купюралар бумасын тауып алған едік. Бір танысымыз бірнеше жыл бұрын Ұлттық банктің жергілікті филиалынан бұдан да ескі ақшаларды ауыстырып алыпты. Табылған ақшаларды қандай бағам бойынша айырбастай аламыз? 28 ақпан 2013, 00:00 1 646 просмотра
Сұрақ-жауап Анықтама алуға құқылы – Бірнеше жыл бұрын азаматтығымды өзгертіп, Ресейге тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен едім. Енді зейнетақы ресімдеу үшін маған соңғы бес жылдағы мұрағат анықтамасы қажет болып отыр. Атырау қалалық мұрағатына хабарласқанымда, маған мұндай анықтама беруден бас тартып, тек үш жылдың ғана анықтамасын бере алатындарын айтты. Енді не істеймін? 28 ақпан 2013, 00:00 1 943 просмотра
Сұрақ-жауап Рингтонға қолдану қисынсыз – Ұялы телефонға Құраннан алынған өлеңдердің рингтондарын пайдалануға бола ма? 27 ақпан 2013, 15:21 1 955 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл тек басы ғана... – Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек? 21 ақпан 2013, 00:00 3 238 просмотра
Сұрақ-жауап Ескі үйге артықшылық бар – Мен таяу жылдары пайдалануға берілген Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты үйлердің бірінде тұрамын. Терможаңғырту бағдарламасының аясында лифтіні өз есебімізден жөндеуге мәжбүрлеп отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін қанша уақыттан соң үйге күрделі жөндеу жасалуы тиіс? 21 ақпан 2013, 00:00 2 297 просмотра
Сұрақ-жауап Мұра тең бөлінеді – Анамыз көз жұмғаннан кейін пәтерге кім үміткер бола алатынын білгім келеді. Біз төрт баламыз. Жекешелендіруге қыздарының бірі және немересі қатысқан еді. 21 ақпан 2013, 00:00 1 721 просмотра
Сұрақ-жауап Тәжірибеден өту - ақылы – Мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Радиотехника, электроника, коммуникация» мамандығы бойынша 4 курста оқып жүрмін. «Қазақтелекомнан» тәжірибеден өткім келген, бірақ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының кадрлар бөлімінде кәсіпорыннан тәжірибеден өту ақылы екендігін және 20 мың теңге шамасында екендігін айтты. Мен абдырап қалдым. Мұндай ережемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған едім. 21 ақпан 2013, 00:00 2 664 просмотра