- Емханадағы гинеколог жүктілік бойынша уақытында (12 аптаға дейін) есепке тұрған барлық әйелдерге 16 мың теңгеден ақша төленетіндігін айтты. Осы рас па?
Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА жауап берді:
- Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті басқармалар жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлік есепке тұрған әйелдерді материалдық ынталандыру бастамасымен әлденеше рет шыққан еді. Тіпті сомасы – 10 АЕК деп те аталды. Алайда әзірге барлығы ұсыныс деңгейінде ғана қалып отыр. Төлемді тағайындау туралы ешқандай ресми бұйрық болған жоқ.