- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің биылғы жыл басынан бастап коммуналдық қызметтерді төлеуден босатылғаны рас па?
Телефон арқылы
Сұраққа халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік нормативтер бөлімінің бастығы Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА жауап берді:
- Әңгіме коммуналдық қызметтерді төлеуден босатылу емес, ол үшін ішінара өтемақы төлеу туралы боп отыр. 2012 жылы өтемақы сомасы 3 158 теңге құрады және ол соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне және олардың жесірлеріне, сонымен қатар, ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, олардың отбасыларына тиесілі болатын. Биыл бұл сома 10 мың теңгеге дейін өсті, бірақ әлі төлене бастаған жоқ. Құжаттар дайындалуда. Қаңтардан бастап қайта есептеу жүргізіледі. Ауған соғысына қатысушылар мен олардың отбасыларына өтемақы сомасы бұрынғыша – 3158 теңге боп қалды.