Атырау, 6 желтоқсан 10:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз

– Біз «Мұнайшы» бағбандық қоғамының маңында тұрамыз. Біздің қасымыздағы тас жолда көлік қозғалысы өте қарқынды. Теміржол көпіріне жақын жерде жолдан өту қауіпті. Біз осы маңдағы жаяу жүргінші өткеліне мұқтаж болып отырмыз. 28 қараша 2012, 16:18 2 397 рет қаралды
Университет жеңілдік жасайды Сұрақ-жауап

Университет жеңілдік жасайды

– Біз биыл АМУ-дің «аударма ісі» мамандығына (күндізгі бөлімге) оқуға түскен едік. Оқуға түскен кезде бізге оқудың жылына 345 мың теңге тұратынын айтты. Жақында ғана бізге қол қоюға ұсынған келісім-шартта 100 мыңға көп басқа сома көрсетілген. Деканаттағылар келісім-шартта көрсетілген сомаға назар аудармаған жөн екенін, ғылыми кеңес бұрынғы оқу құнын қалдыруды ұйғарғанын түсіндірді. Бірақ біз қауіптеніп отырмыз, өйткені келісім-шарт – ресми құжат қой. Шын мәнісінде төлем мөлшері қандай және келісім-шартта дұрыс сома неге көрсетілмеген? 28 қараша 2012, 16:14 1 823 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлікжай да, өтемақы да жоқ

– Бірнеше ай бұрын қалалық әкімдік қызметкерлері Дружба көшесі, 2 мекен-жайының ауласында орналасқан көлікжайлардың заңды құжаттарының көшірмелерін жинаған болатын. Қазір көлікжайларға кіретін жол жоқ, жерді қазып тастаған. Ол жерге коммуналдық тұрғын үй салып жатыр. Көлікжайлар үшін өтемақы қашан төленеді? 28 қараша 2012, 16:19 1 824 рет қаралды
Бір жылға жалдауға болады Сұрақ-жауап

Бір жылға жалдауға болады

– Менің шағын жеке кәсіпкерлігім бар. Тендер бойынша жұмыс көлемін жеңіп алуыма байланысты жұмысшылар жалдауыма тура келді. Заңгерлер маған жұмысшыларды еңбек шарты бойынша жалдауыма болатындығын айтады, ондай жағдайда оның мерзімі  1 жылдан кем болмауы тиіс.  Дегенмен, мен  жұмыс көлемі бір жыл бойына үнемі болатындығына  және жұмысшыларды ұстап тұра алатындығыма  сенімді емеспін.  Сондықтан да менің не істегенім жөн? 21 қараша 2012, 18:47 2 263 рет қаралды
Дәрігерді де таңдай аласыз Сұрақ-жауап

Дәрігерді де таңдай аласыз

– Біз №1 емханаға қараймыз. Бұрын біздің балаларымыз педиатр-дәрігер Роза ЕЛЕУСІНОВАНЫҢ қарауында болатын, ал, қазір жалпы тәжірибелік дәрігер-фельдшер МҰҚАНОВА қарайтын болды. Бұл сонда қалай болғаны?  Біз дәрігерімізді ауыстыруға құқылымыз ба? 21 қараша 2012, 18:58 2 450 рет қаралды
Мүгедектерге жұмыс бар Сұрақ-жауап

Мүгедектерге жұмыс бар

– Менің туысқаным ІІ топтағы мүгедектік алды және қазір жұмысқа орналаса алмай отыр. Өйткені, оның тобы жұмысқа жарамсыз. Мен ІІ топтағы мүгедекті жұмысқа ала алам ба? Мүгедектерді жұмысқа қабылдау барысында қандай да бір ерекшеліктер бар ма? 21 қараша 2012, 18:56 6 586 рет қаралды
Жұмыстан қысқарсаң, өтемақы ал Сұрақ-жауап

Жұмыстан қысқарсаң, өтемақы ал

– Жұмыстан маған қысқарту болатындығы және еңбек келісім-шартының бұзылатындығы жөнінде хабарлама берілді. Еңбек қатынастары бұзылған жағдайда еңбек кодексімен өтемақының қандай түрлері қарастырылған? 21 қараша 2012, 19:07 13 885 рет қаралды
Сәбилерге арналған «диета» Сұрақ-жауап

Сәбилерге арналған «диета»

– Алмагүл мөлтек ауданындағы емханада тамыз, қыркүйек айларында «Нестожен-2» сүт қоспасын қазан айында берілетін қоспамен бірге беріледі деп бермей тастады. Бірақ, қоспаның аз болғандығынан бізге тек қазан айының ғана нормасын берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында стационарларға қоспалар тапсырыстар бойынша берілетіндігін айтты, демек, бұл проблема емхананың кінәсінен туындаған болып отыр. Ал, енді бізге  қоспалар келесі жылдың сәуір айына дейін болмайтындығын ескертті, мен тек тегін балалар қоспасын ақпан айына дейін ғана аламын. Бұл жағдайда не істеуге болады? 21 қараша 2012, 19:04 3 314 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 310 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тариф бақылауда

– Таяуда бізге газбен жабдықтаушы компанияның тексерушісі газ тарифтерінің өсетінін хабарлады. Қателеспесем, тарифтерді бекіту жөнінде меморандумға қол қойылмап па еді. Тарифтер қандай себептерге байланысты өсірілмек? Төлемдерді қабылдау қосындары қаланың түрлі аудандарынан ашыла ма? Біздер үшін Алмагүл мөлтек ауданына үнемі барып төлеу қолайсыз. 14 қараша 2012, 17:58 1 808 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нарықтық қатынастар

- Бүгінгі күні мен өз атымдағы тұрғын үйге жатпайтын нысанды 11 айға жалға алуға ұсыныс білдірген алматылық компаниямен келіссөз жүргізудемін. Жалға алу сомасымен келісімге келдік. Білейін дегенім, жалға беру келісім-шартында көрсетілуі тиісті басқа қандай маңызды шаралар бар? Бұл салада менің тәжірибем жоқ. Сондықтан да алдын-ала сақтанғым келеді. Компания тіркеуден Алматыда өткен, Атырауда олардың ешқандай мүлкі жоқ. Олардың тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда қай сотқа шағымдануым керек? 14 қараша 2012, 17:47 2 421 рет қаралды
Баланың өз үлесі бар Сұрақ-жауап

Баланың өз үлесі бар

- Мен күйеуіммен ажырастым, баламды өзім тәрбиелеп жатырмын. Ажырасу барысында мен алиментті талап етпедім. Бұрынғы күйеуіммен ешқандай байланыстың болмағанын қалаған едім. Некеміз бұзылғаннан кейін 3 жыл уақыт өткенде мен алиментті өндіртіп ала алам ба? Қазір балама тек 6 ай ғана болды, болашақта жағдайымыз өзгеруі де мүмкін, сондықтан да балам екеумізге қосымша ақша қажет болады деп ойлаймын. 7 қараша 2012, 17:56 6 745 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қылмысы бойынша жаза қолданылады

– Жақында менің құрбымның баласы тонау кезінде қолға түсті. Қонақ үйдің қауіпсіздік қызметкерлерінің  айтуынша, ол балконның ашық есігі арқылы нөмірге кіріп, бөлме тұрғынының ұйықтап жатқанын пайдаланып, үстел үстінде жатқан әмияннан ақшаны алып, қайтадан балкон арқылы шығып кетуге тырысқан. Ұйқысынан оянып кеткен әйел адам осал болмаған, бірден жігіттің қолына жармасып, айқайлап көмекке шақыра бастаған. Олар қолдасқан күйі дәлізге шығады да, жігіт қалтасындағы ұрлаған ақшаны лақтырып жібереді. Кейін әлгі әйелден құтылғысы келіп, жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберген... 7 қараша 2012, 17:40 2 677 рет қаралды
Несие алуға үміт жоқ Сұрақ-жауап

Несие алуға үміт жоқ

– Жалақым аз болғандықтан банктен көлік сатып алатын несие ала алмай жүрмін. Менің білуімше, банктер ықтимал қарыз алушылардың зейнетақы жарналары туралы мәліметтерге сүйене отырып, табысты тексереді. Егер мен 10 пайыз тиесілі зейнетақы жарнасына тағы да ерікті түрде 10 пайыз салып тұрсам, бұл несие рәсімдеу кезінде ескеріле ме? Немесе, мәселен, жұмыс беруші зейнетақы қорына 10 пайыз емес, менің жалақымның 20 пайызын аударып тұрса ше? 31 қазан 2012, 18:12 2 517 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот шешімі болса жарайды

– Мен күйеуіммен 2003 жылы ажырастым, сол кезде қолыма ажырасу жөніндегі сот шешімінің көшірмесін алдым. Енді қазір жаңа некеге тұрғым келеді, бірақ, хал-актілерін тіркеу бөлімінде біздің өтінішімізді алудан бас тартып отыр, өйткені, менде ажырасу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы жоқ. Оны қайдан алуға болады?  24 қазан 2012, 23:25 2 339 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кез-келген ақау сіздің есебіңізден

- Біз үйдің шатыры үшін танымал атыраулық бір компанияға металл черепицаға тапсырыс бердік. Олар бізге тапсырысты сапалы орындауға уәде еткен болатын. Нәтижесінде үйдің шатырын әбден жауып болып келгенде металл черепицаның түрінің әр түрлі екендігі белгілі болды. Біз бірден компанияға кемшіліктерін айтып, талап ете бастадық. Олар өз кінәларын  мойындағанмен, келтірілген зияндарын толық өтеуден бас тартты. Бізге тапсырыстың құнынан ондаған есе төмен 70 мың теңгені ғана қайтаратындарын мәлімдеді. Сонда қалай, ақыр соңында біз черепицаны өз ақшамызға ауыстыруға тиіспіз бе? Біз өз құқығымызды қалай қорғай аламыз? Қолымызда төлем чегі мен металл черепицаға берілген бір жылдық кепілдік бар. 24 қазан 2012, 23:23 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өзгенің ақшасы керек емес

– АМУ-нің жаратылыстану факультетінің грантта оқитын студенттерінен стендіге ақша жинауда. Грантта оқитындарды университеттің шығындарын төлеуге неге мәжбүрлейді? Әдетте олар коммерциялық оқу есебімен жабылмай ма? 24 қазан 2012, 22:56 2 089 рет қаралды