Атырау, 11 желтоқсан 19:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жұмыстан қысқарсаң, өтемақы ал

13 439 просмотра

– Жұмыстан маған қысқарту болатындығы және еңбек келісім-шартының бұзылатындығы жөнінде хабарлама берілді. Еңбек қатынастары бұзылған жағдайда еңбек кодексімен өтемақының қандай түрлері қарастырылған?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– Жұмыс беруші  жұмысын жоғалтқанына байланысты орташа еңбекақы көлемінде бір ай бұрын мынадай жағдайларда өтемақы төлеуге тиісті:

1) қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;
2) қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; егер қысқарту барысында қызметкер өзіне басқа ұсынылған лауазымды қызметтен бас тартса, онда жұмысты жоғалтуына байланысты берілетін өтемақы төленбейді.

Жұмыс беруші, сондай-ақ, қызметкерге жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны жағдайында да өтемақы төлеуге міндетті. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы (ҚР ЕК 57-бабы, 4-тармағы). Егер жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Аталмыш жағдайға байланысты еңбек шартын бұзу барысында жұмыс беруші қызметкерге жұмысын жоғалтуына байланысты орташа үш айлық еңбекақы көлемінде өтемақы төлеуге тиісті. Алайда, заң өтемақы мөлшерін шектемейді. Еңбек, ұжымдық шарттар да жұмысты жоғалтуға байланысты бұдан да  жоғары өтемақылар қарастырылуы мүмкін.

21 қараша 2012, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.