Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Сәбилерге арналған «диета»

3 136 просмотра

– Алмагүл мөлтек ауданындағы емханада тамыз, қыркүйек айларында «Нестожен-2» сүт қоспасын қазан айында берілетін қоспамен бірге беріледі деп бермей тастады. Бірақ, қоспаның аз болғандығынан бізге тек қазан айының ғана нормасын берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында стационарларға қоспалар тапсырыстар бойынша берілетіндігін айтты, демек, бұл проблема емхананың кінәсінен туындаған болып отыр. Ал, енді бізге  қоспалар келесі жылдың сәуір айына дейін болмайтындығын ескертті, мен тек тегін балалар қоспасын ақпан айына дейін ғана аламын. Бұл жағдайда не істеуге болады?

Телефон арқылы

– Сүт қоспасы берілетін дәріханаларда рецептілер автоматтандырылған компьютерлік бағдарламаға тіркеледі. Бұл бағдарлама бойынша бір адамға бір айда бір реттен артық берілмейді, - дейді Алмагүл мөлтек ауданындағы емхана бас дәрігерінің орынбасары Бақтылы АХМЕТОВА. – Сондықтан да біз тамыз, қыркүйек айларында болмай қалған «Нестожен-2» қоспасын қазан айындағы нормаға қосып бере алмай қалдық. Бірақ, өз емделушілерімізге қолымызда бар «Нестожен-1» қоспасын бердік, олар оны өздері «Нестожен-2» қоспасына ауыстырып алды.

– Біз сүт қоспасына қосымша тапсырыс алдық, келесі аптаның өзінде-ақ емхана оны алатын болады, - деп сендірді облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА.

Ол құрғақ сүт қоспасының жетіспеушілігін осы және басқа да сүт өнімдерін жеткізумен айналысатын «Сәби» ЖШС-нің жабылып қалуымен түсіндірді.

21 қараша 2012, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.