Атырау, 29 желтоқсан 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Конкурспен қабылданады

– 1 қыркүйектегі жиында директор оқушыларға енді біздің №31 мектеп Назарбаев мектебі болады деп мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Осыған байланысты мектеп әкімшілігін, педагогикалық ұжым мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Біздің білуімізше, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр ғой. 12 қыркүйек 2012, 23:41 3 611 просмотра
Зейнетақы мөлшері Сұрақ-жауап

Зейнетақы мөлшері

Зейнеткерлікке шығатын 58 жас та жақындап қалды. Көп жылдан бері 2-топ мүгедегімін, 18 жылдан бері жұмыс жасамаймын.  Мүгедектікке дейін жасаған 20 жыл жұмыс өтілім бар. Жасыма байланысты маған қандай мөлшерде зейнетақы тиесілі? 5 қыркүйек 2012, 22:29 1 826 просмотра
Пәтер мәселесі Сұрақ-жауап

Пәтер мәселесі

– Көршім қиын жағдайға тап болды: азаматтық некеде 30 жылдай өмір сүрді, күйеуімен екеуінің 3 баласы бар, тұңғышы  28 жаста. Олар тұрған пәтер күйеуіне әкесінен мұраға қалған. Отбасылық өмірлері мамыражай болмай, олар көп жыл өткеннен кейін ажырасуды ұйғарды. Енді пәтерді қалай бөлісеміз деген сұрақ туындап отыр. 5 қыркүйек 2012, 22:23 2 599 просмотра
Сұрақ-жауап

Самалға кезек келген жоқ

– «Атырауинждорстрой» ЖШС-нің бастапқы жобасы бойынша Самал ықшамауданында №1-, 7-, 17- және 20-көшелер асфальтталуы тиіс. Қазір №2-, 4-, 19-көшелер асфальтталып жатыр. Біздің №17-көшені тек жартылай ғана жөндеуде. Неліктен?  5 қыркүйек 2012, 22:21 1 635 просмотра
Сұрақ-жауап

Тасқала-3: ақша бөлсе болады

- Біз, Тасқала-3 поселкесінің тұрғындарымыз, сусыз және газсыз отырмыз, мұндай тірліктен шаршадық. Жыл сайын қалалық әкімдікке хат жіберіп, өтініштеріміздің орындалатындығына уәде алып отырмыз. Тасқала-3-те газ бен су қашан болады? 5 қыркүйек 2012, 22:17 2 249 просмотра
Көршіден құқай көрсеңіз... Сұрақ-жауап

Көршіден құқай көрсеңіз...

– Жоғарыдағы көршілерімнің пәтерінен су кетіп, үйімді бүлдірді. Өзім зейнеткермін, жөндеуге ақшамыз жоқ, ал көршілеріміз осы жағдайдан кейін менен қашқақтайтын болды. Бәлкім, ПИК көршілерге ықпал етіп немесе үнемі төлеп отыратын «мақсаттық» жарналардың есебінен жөндеу жасатуы тиіс шығар? Мұндай жағдайда заң бойынша қалай әрекет ету керек? 5 қыркүйек 2012, 21:56 2 615 просмотра
Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз Сұрақ-жауап

Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз

Мен 2008 жылы Белоруссиядан «Опель-Агила» маркалы машинасын сатып алған едім. Енді маған ол үшін 12 пайыз қосымша құн салығын төлеу керек. Оны салық қызметінде есептеу үшін мені көліктің құнын бағалатуға Сауда-өнеркәсіптік палатасына жіберді. Ол жердегілер көлікті асыра бағалады: мен оны 885 мың теңгеге сатып алып едім, ал оны 1 млн 600 мың теңгеге бағалады. Сонда қосымша құн салығы 200 мың теңге болады. Неліктен тәуелсіз үш бағалаушыға бағалатып, солардың бағаларының негізінде орташа құнды шығаруға болмайды? 5 қыркүйек 2012, 21:47 2 431 просмотра
Туа сала төлқұжат алады Сұрақ-жауап

Туа сала төлқұжат алады

Биыл төлқұжатымды ауыстыруым қажет. Екі сәбиімді де құжатыма тіркеп қойған. Үлкен балам 10 жаста, кішісі 4-те. Оларды менің құжатыма тіркеудің мәні бар ма немесе оларға жеке құжаттар рәсімдейтін уақыт келді ме? Неше жастан бастап балаларда жеке төлқұжат болу керек? 5 қыркүйек 2012, 21:42 2 546 просмотра
Сұрақ-жауап

Келісім-шартпен байланыс

– Біздің компания Балықшыдағы өзен портынан Теңіз кенішіне дейін жаңа жүк жолын салып жатыр. Жылыой ауданындағы ұялы байланыстарға қатысты Beeline мен Kcell операторларына қояр сұрақтарымыз бар. Ескі Қаратон поселкесінен Қарсақ кенішіне дейін ұялы байланыс мүлдем жоқ. 29 тамыз 2012, 19:48 2 460 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақшалай алуыңызға болады

- Күйеуім қайтыс болғаннан кейін баламыз екеумізге пәтерде үлесіміздің бар екендігі белгілі болды. Үлестің қалған бөлігі күйеуімнің екі қарындасы мен анасына тиесілі екен. Жақында күйеуімнің анасы да қайтыс болды. Осылайша пәтерге үміткер 4 адам қалдық. Мен баламыз екеумізге тиесілі жылжымайтын мүліктегі үлесімізді  алғым келеді, бірақ пәтерді сату туралы туысқандармен келісімге келе алар емеспін. Нотариус бұл жағдайдың жылдарға созылатындығын айтып отыр. Мұндайда қандай шара алған жөн, мен өз үлесімді сот арқылы талап ете алам ба? 22 тамыз 2012, 22:32 2 091 просмотра
Сұрақ-жауап

Алқа шешеді

- Жеке сот орындаушысының үстінен шағымды қалай және қайда жолдауға болады, соны айтыңыздаршы? Осыдан бір жыл бұрын менің ағам жол апатына ұшырады, біз жауапкерден шығын сомасын өндіріп алу үшін сот орындаушысын жалдадық. Оның қызметі үшін біз өндірілетін соманың 10%-ын беруге тиісті болдық.  Жауапкер ақшаның көп бөлігін берді, бірақ қалған бөлігін беруге асығатын емес, сот орындаушы болса өзінің міндетін орындауды тоқтатты, қазір, ол тіпті телефон қоңырауына да жауап  бермейді. 22 тамыз 2012, 22:30 2 340 просмотра
Сұрақ-жауап

Тұрғындар әкімге хат жолдапты

- Запорожский өткелі бойындағы біздің үйлерімізде үнемі су мен электр энергиясына қатысты проблема туындап отырады. Біз бірнеше рет қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне және «Атырау-Жарық»АҚ басшылығына шағымдандық. Бірақ, әзірге жағдай өзгере қойған жоқ. 22 тамыз 2012, 22:29 3 398 просмотра
29 жасқа дейін үлгеруі керек Сұрақ-жауап

29 жасқа дейін үлгеруі керек

- Менің туысқанымның отбасы қалалық ТКШ бөліміне «Жас отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша  2007 жылы пәтер кезегіне тіркелген болатын. Кейін бұл бағдарлама тоқтатылып  қалды. Қазір олардың жасы 30-ға жақындап қалды, ал пәтерді әлі алған жоқ, жалдап жүр. Жас ерлі-зайыптылар баспанаға мұқтаждарды қамтамасыз етудің басқа мемлекеттік  бағдарламасын қолданыла ала ма? 22 тамыз 2012, 22:26 2 480 просмотра
Сұрақ-жауап

Дәлеліңіз болса шағымданыңыз

- Інім бір жерде көлік жүргізушісі қызметін атқарып жүрді. Былтыр жұмыс іздеп жүргенде, шетелдік мекемелердің біріне түйіндемесін жіберген еді. Енді сол мекеме оны жұмысқа шақырған соң, құжатын жинап, бұрынғы жұмысынан шығып, шақырған жерге келеді. Сөйтсе, ондағылар алмайтын болдық деп, оны кері қайтарған. Бұл жағдайда шетелдік мекемені сотқа беруге бола ма? 8 тамыз 2012, 22:46 1 807 просмотра
Сұрақ-жауап

Әр сырқаттың өз дәрігері бар

- Баладан лямблиоз сырқатын тапты. Паразитолог пен балалар гастроэнтеролог мамандарының емі керек, ал, ондай мамандар біздің №3 емханада жоқ. Балалар дәрігері жұқпалы аурулар дәрігеріне баруға кеңес берді. Ол дәрігер балаға трихопол дәрісін беруді тағайындады. Менің ойымша, бұл балаларға емес, үлкендерге арналған дәрі емес пе? Мұндай жағдайда жалпы қандай дәрігерге қаралған жөн? 8 тамыз 2012, 22:43 3 355 просмотра
Сұрақ-жауап

Үйді өздеріңіз есептен шығарыңыздар

- Лазо көшесінің бойындағы – № 26 және №24 үйлер осыдан екі жыл бұрын күрелген болатын. Оның орнына үйлер тұрғызылып, оған біздер қоныстандық. Халыққа қызмет көрсету орталығы жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамада екі мекен-жайды да көрсетіп тұр: бұрынғы күреліп тасталған үй және жаңа үй. Жылжымайтын мүлік тізіліміндегі күрелген үйлердің мекен-жайын қалай ауыстыруға болады және оны кім ауыстырады? 8 тамыз 2012, 22:40 1 954 просмотра