– Біраз уақыттан бері Kcell абоненттерінің нөмірлерін теру тәртібі өзгерді. Біз бұрынғыдай тек жеті орынды нөмірді тере алмаймыз. Префикспен нөмірді толық теру қажет. Бұл неге байланысты?
Телефон арқылы
Сұраққа Kcell компаниясының Атырау өкілдігінің директоры Саламат ЕСМАҒАМБЕТОВ жауап береді:
– Жаңа 702 және 775 префикстері енгізілгеннен кейін абоненттер арасында нөмір теруде жаңылысулар туындайтынын байқадық. Егер 702 немесе 775 префикстеріне қоңырау соққанда қысқаша теру қолданылса, онда адресатқа жету мүмкіндігі болмайды. Қоңырау басқа префикстегі осы секілді нөмірі бар абонентке барады.