Атырау, 19 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Екі жолы бар

1 917 просмотра

– Көлік есепке Атырауда қойылған еді, қожайыны да осы жерде тұрады. Алайда қазіргі уақытта бұл көлік Алматыда, оны қожайынының танысы бас сенімхатпен жүргізіп жүр. Көлікті тіркеуден қалай шығаруға болады?

Телефон арқылы

Атырау облыстық ІІД жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінің (ТЕБ) бастығы Мирәлі БАЙМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, есептен шығарудың екі жол бар. Біріншісі: бас сенімхат иегері Алматы қаласының ТЕБ-не көлікке тексеру жүргізу өтінішімен шығуы тиіс. Осы рәсімдеуден кейін жол полициясының қызметкерлері жеке байқау актісін толтырады. Содан кейін 2 данадағы осы актіні, техникалық төлқұжатты (түпнұсқасын) және мемлекеттік нөмір белгілерін Атырауға жолдау керек. Көлік қожайыны осы құжаттардың негізінде көлікті есептен шығара алады.

Екінші жолы – бас сенімхаттың иегері алматылық ТЕБ-не барып, осы көлік туралы сұраныс жіберуге өтініш беруі тиіс. Атырауда осы сұраныстар бойынша мәліметтер жинап, Алматыға жауабын жолдап жібереді. Машинаны осылай да есептен шығаруға болады.

12 қыркүйек 2012, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.