Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз

2 403 просмотра

Мен 2008 жылы Белоруссиядан «Опель-Агила» маркалы машинасын сатып алған едім. Енді маған ол үшін 12 пайыз қосымша құн салығын төлеу керек. Оны салық қызметінде есептеу үшін мені көліктің құнын бағалатуға Сауда-өнеркәсіптік палатасына жіберді. Ол жердегілер көлікті асыра бағалады: мен оны 885 мың теңгеге сатып алып едім, ал оны 1 млн 600 мың теңгеге бағалады. Сонда қосымша құн салығы 200 мың теңге болады. Неліктен тәуелсіз үш бағалаушыға бағалатып, солардың бағаларының негізінде орташа құнды шығаруға болмайды?

Телефон арқылы

Атырау қалалық салық басқармасының кедендік одақ аясында жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бастығы Берік ЖҰМЖАЕВТЫҢ айтуынша, салық қызметкерлері, керісінше орын алатын жағдаймен жиі кездеседі екен. Көлік қожайындары сату-сатып алу келісім-шартында іс жүзінде көлік құралы үшін төлеген сомадан аз көрсететін көрінеді. Сауда-өнеркәсіптік палатасы нарықтық құны бойынша тауарды нақты бағалайды. Бірақ салық органдары көліктерді сауда-өнеркәсіптік палатасына бағалатуға ұсыныс береді, бірақ міндеттемейді, деп атап өтті Б. Жұмжаев. Демек, көлік қожайыны бұл процедураны осыған құқылы кез-келген мекемеден өткізе алады.

5 қыркүйек 2012, 21:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.