Атырау, 30 желтоқсан 22:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Зейнетақы мөлшері

1 826 просмотра

Зейнеткерлікке шығатын 58 жас та жақындап қалды. Көп жылдан бері 2-топ мүгедегімін, 18 жылдан бері жұмыс жасамаймын.  Мүгедектікке дейін жасаған 20 жыл жұмыс өтілім бар. Жасыма байланысты маған қандай мөлшерде зейнетақы тиесілі?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бастығының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА жауап береді. Соңғы жылдары ай сайынғы табыстың болмауына байланысты жас ерекшелігі бойынша сіздің зейнетақыңыз ең төменгі мөлшерде болады, оның мөлшері 17 491 теңгені құрайды. Сіздің 2-топ мүгедегі болуыңызға байланысты, зейнетақы мөлшері 2-топ мүгедектігі бойынша берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілетін болады, яғни 18 486 теңгені құрайды. Бұған қосымша сізге негізгі зейнетақы төлемі тиесілі. Ол еңбек өтіліне байланысты емес, зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады. Мөлшері - 8720 теңге. Оған мүгедектерге арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақыны – 2308 теңгені қосыңыз. Нәтижесінде сіздің зейнетақыңыз 29 514 теңгені құрайды.

5 қыркүйек 2012, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.