– Мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алып, үй салған едім. Канализациялық септикті учаскеден тысқары шығарғым келеді. Бұған қақым бар ма?
Марат С., Атырау қ.
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТЫҢ айтуынша, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес, канализациялық септиктерді жер учаскесінен тысқары орнатуға тыйым салынады екен. Осы нормалар бұзылған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің негізінде айыппұл қарастырылған.