– Қалада иппотерапия бар ма?
Нұргүл
Қалада атқоралар көп емес. Дегенмен, Курилкиннің ар жағындағы «Жамбыл» ұжымдық шаруашылығынан, қаладан 6-7 км қашықтықтағы «Құлагер» шаруа қожалығынан біреуін тауып алдық. Оқырманның сұрағына шаруашылық директоры Жандарбек ЖАНБАЛАЕВ комментарий береді:
– Иппотерапия туралы естідім. Көбінесе адамдар осы қызмет туралы сұрастырады. Бірақ бізде әзірге мұндай қызмет жоқ, болашақта болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл оңай емес. Жүйе, мамандығы бар педиатр-дәрігер керек, өйткені, бұл - емдік процесс. Әзірге атқорамыздың базасына енгізуге әлі ертерек. Тек сағаттық төлеммен атпен серуендеу қызметі ғана бар.
Иппотерапия (грек тілінен аударғанда hippo – жылқы) – «жылқының көмегімен емдеу» деп аталады. Науқас жанның ағзасына атпен жаттығу арқылы, яғни атқа салт мініп жүру және жылқының шартты «биоөрісі» арқылы тікелей әсер ететін баламалы медицина түрлерінің бірі. Мұның соңғысы клиникалық түрде дәлелденген жоқ. Өйткені, биоөрістің бар екендігі туралы фактінің өзі әлі күнге дейін ғылыми түрде расталмаған. Науқастармен иппотерапевт немесе емдік тұрғыда салт атпен жүру бойынша арнайы жаттыққан нұсқаушы айналысады. Қосымша емнің осы әдісі тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және кейбір кінараттары бар адамдарға арналған түрлі дәрежеде тиімді боп келетін қосымша емдеу әдісі. Науқастарды спортқа тарту да жақсы әсер береді. ТМД елдері ішінде иппотерапия тек Ресейде ғана ресми түрде танылған медициналық емдеу түрі боп табылады. Басқа елдерде ол баламалы медицина әдісі деп есептеледі.