Атырау, 29 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Кедергіні кім салады?

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс? 4 шілде 2012, 17:30 1 827 просмотра
Сұрақ-жауап

Көлік жүргізу - арманым

- Менің бауырым 1-топ мүгедегі. Екі аяғынан жарақат алып, мүгедектік арбаға отырды. Қазір Астанада ем алып жатыр. Ол өзі көлік жүргізгісі келеді. Ал өздігінен автомектепке баратын жағдайы жоқ. Осыған байланысты білейін дегенім, 1-топ мүгедектеріне мұндай жағдайда көлік жүргізу куәлігі қалай беріледі? Оларды оқытатын арнайы мектеп бола ма?  27 маусым 2012, 19:50 2 199 просмотра
Сұрақ-жауап

Алдымен жерді өлшейді

- Мен Махамбет ауданы, Береке ауылынан кезек арқылы жер учаскесіне ие болдым. Мемлекеттік жер актісін әлі алып үлгерген жоқпын. Махамбет ауданының жер бөліміндегілер жердің эскиз жобасына 6000 теңге сұрап отыр. Осы дұрыс па? 27 маусым 2012, 19:48 1 939 просмотра
Сұрақ-жауап

Көшелердің тізімін қараңыз

- Бірлік-2 поселкесіндегі Жарылғасов, Сыдиқов, Қорқыт ата көшелеріне биыл жол салына ма? - «Өркен» ықшам ауданының (Жұмыскер-2 ауылы) көшелеріне қашан жол салынады? Ішкі жолдың жоқтығынан көше ішіне автокөліктер кіре алмайды. 27 маусым 2012, 19:46 2 205 просмотра
Сұрақ-жауап

Салық барлық жерде бірдей

- Мен Индер ауданында тұрамын. Индер ауданы мен қалада жеңіл автокөліктің двигатель көлемі үшін алынатын салық мөлшері екі түрлі. Мәселен, Индерде көлемі 2 000 текше см двигатель үшін 14 094 теңге, 2 500 текше см двигательге 13 208 теңге сұрап тұр. Қалада 2 000-2 500 текше см двигатель көлемі үшін 9 708 теңге салық мөлшерін алады екен. Сонда индерлік салықшылар бағаны өздері өсіріп отыр ма? 27 маусым 2012, 19:45 2 163 просмотра
Сұрақ-жауап

Жатақханамыз күреле ме?

- Біздің жатақханамыз Химпоселкеде Сырдария көшесі, 5 үйде орналасқан. Ғимарат апатты жағдайда: шатырдан су ағады, орталық газ құбыры тартылмаған, су жоқ, жылу мен электр энергиясында  үнемі іркіліс. Мұндай жағдайларда онда өмір сүру әрине, мүмкін емес, сондықтан да біз жатақханамыздың тағдырын білейік деген едік – ол күреле ме, әлде оны  күрделі жөндеуден өткізе ме? 20 маусым 2012, 19:30 1 717 просмотра
Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды Сұрақ-жауап

Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды

- Менің күйеуімнің жасы 73-те, 2001 жылдан бері Паркинсон сырқатымен ауырады. Оған дәрігер «Наком» және «Циклодол» деген дәрі-дәрмектерді  жазып берді. Бұрын біз дәрілердің кейбірін тегін алып тұрдық. Жұбайымның жасы 70-ке келгенде оны жасына байланысты бізді емхананың есебінен шығарды. Содан бері қарай біз барлық дәріні сатып алуға мәжбүрміз. Оның үстіне ол дәрілерді табудың өзі проблемаға айналды. Екі жылдан бері дәріханалардан «Наком» жоғалды, ал, кейін циклодол да көрінбей кетті, енді оларды Ресейден тапсырыс беріп алдыртуға тура келіп отыр. Бұл дәрі-дәрмектердің дәріхана сөрелерінен жоғалуының себебі неде? 20 маусым 2012, 19:25 2 756 просмотра
Кешенді тестілеуден өтеді Сұрақ-жауап

Кешенді тестілеуден өтеді

- Биылғы жылы менің қызым политехникалық колледжді бітіреді. Қазіргі кезде олар мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр, артынан диплом жұмысын қорғайтын болады. Көктемде бізге колледж түлектері жоғары оқу орнына тапсыру барысында енді әңгімелесудің орнына кешенді тестілеу тапсырады деген еді, сол рас па? 20 маусым 2012, 19:19 3 686 просмотра
Сұрақ-жауап

Мүдделердің тоғысуы

- Мен жол-көлік оқиғасының жәбірленуші  тарапынан болдым. Сақтандыру компаниясы маған сақтандыру төлемін жол-көлік оқиғасына  кінәлі адамның сақтандыру полисін  алмағанын және оның автокөлікті сенімхатпен жүргізгендігін сылтау етіп төлеуден бас тартып отыр. ЖКО-на кінәлі адамнан материалдық залалды өтеу  жөніндегі талап арызбен мен азаматтық сотқа шағымдандым. Сот ісі сақтандыру компаниясының  заңгерінің сотқа келмеуі салдарынан үнемі кейінге қалдырылып келеді. Бұл жағдайда маған қандай әрекет жасау керек? Тағы бір айта кететін жағдай, заңгер кінәлінің сақтандыру полисін алмағандығына менің құжаттарым қаралуға дайын болған кезде ғана назар аударды. 13 маусым 2012, 18:24 2 013 просмотра
Сұрақ-жауап

Ипотеканың азабы

Екінші деңгейлі банктердің бірінің заңгері менің берген сауалыма түсінік берді («Ақ Жайық» » №20, 17. 05. 2012 жыл., «Банктің өз талабы бар»). Заңгер ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыру сенімді тұлғалар ұйымдастырған кепілдікке салынған мүліктерге саттық өткізу жолымен жүргізуге болатындығын көрсетіп отыр. Бірақ, ол ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыруда банк құқығының қалай болатындығын және бұл құқықты олар қандай жағдайларда  қолданатындығын айтып отырған жоқ... 13 маусым 2012, 18:23 2 471 просмотра
Жатақханаға жәрдемдесіңіз! Сұрақ-жауап

Жатақханаға жәрдемдесіңіз!

- Досмұхамбетов көшесіндегі біздің №15 үй 1956 жылы салынған. Ағаш тастамалары мен шатыры әбден тозған, кез-келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Үйде канализация жоқ, соның салдарынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Барлық жер ылғал тартып кеткен, санитарлық талаптарға сай келмейді. Газ бен су тартылмаған. Электр желілері қалай болса солай ашық күйде тартылған, кез-келген сәтте өрттің шығу қаупі бар. Біз «Нұр Отан» ХДП-ға, қаланың бұрынғы әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВҚА шағымдандық, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ  блогына жаздық. Еліміздің президентіне жолдаған хатымыз «Ақ Орда» сайтында жарияланды. 2010 жылдың 11 мамырында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үйді тексеруден өткізіп, мынадай қорытындыға келді... 13 маусым 2012, 18:21 2 020 просмотра
Сұрақ-жауап

Әкім қашан қабылдайды?

– Біз облыс әкімінің кеңсесіне хабарласа алмай отырмыз. Ондағы 35-45-51 және 27-09-53 телефондары жауап бермейді. Мен әкімдікке хатты осыдан бір ай бұрын жолдаған едім, әлі күнге жауап жоқ. Облыс әкімінің қабылдауына қалай жазылуға болады? 6 маусым 2012, 17:52 1 995 просмотра
Таң қалдырған телефон Сұрақ-жауап

Таң қалдырған телефон

– Менің үй телефоным «нөмірді анықтау» қызметіне қосылған  еді. Соңғы кездері бір таң қалатындай жайтты байқадым. Телефон қоңырауы келген кезде анықтауышта  менің өз нөмірім  шығып тұрады. Қоңырауға жауап берген уақытта тұтқада музыка ойнайды. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, бұл телефон алаяқтары немесе интернет–қоңыраулар шығар? 6 маусым 2012, 17:50 1 954 просмотра
Сұрақ-жауап

Арнайы аймақтың талабы қатал

– Қарабатан кен орыны аумағында арнайы экономикалық аймақ ретінде полиэтилен және  полипропилен өндірісі бойынша газ-химия кешені құрылғаны мәлім. Менің білуімше, осы аймақта жұмыс жасайтын  барлық кәсіпорындар кеден  заңдылықтары бойынша нақты бір жеңілдіктерге ие. Біздің кәсіпорынымыз да газ-химиялық кешені серіктестерінің қатарына енгісі келеді. Ол үшін  үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын және қандай жеңілдіктерге үміт артуға болатынын білсем деймін. 6 маусым 2012, 17:48 2 246 просмотра
Әттеген-айы көп әткеншек Сұрақ-жауап

Әттеген-айы көп әткеншек

- Біз тұратын Лесхоз ықшам ауданындағы 40-шы үйдің ауласына  қыстың күні балалар алаңын орнатқан еді. Алайда, темір әткеншектің   қазығына цементті желтоқсанда құйғаннан ба, бетон өте сапасыз болып шықты. Қазір жан-жаққа жарылып, бөлініп қалды. Ал, әткеншектің өзі бір жағына қарай қисайып жатыр. Оны қайта монтаждаумен кім айналыспақ? 6 маусым 2012, 17:47 4 139 просмотра
Сізге сайт көмектеседі Сұрақ-жауап

Сізге сайт көмектеседі

– Жақында маған жол қозғалысы ережесін бұзғаным үшін айыппұл салды. Барлық қағаздар рәсімделгеннен соң полицей айыппұлды банкке төлеп, түбіртегін ЖПБ ғимаратының 25-ші кабинетіне әкелуім керектігін айтты. Олай етпеген  жағдайда айыппұл  төленбеген болып қала береді екен.  Бұл адамды әуреге салу ғой. Халықты бұлайша қағазбастылықпен қинағаннан гөрі, мұны реттеудің, мәселен, электронды пошта арқылы немесе басқа да тәсілдермен төлем жасатудың жолдарын табуға болмай ма? 6 маусым 2012, 17:46 1 916 просмотра
Сұрақ-жауап

Сақтандыруға сақтықпен қараңыз

– Несиелерді рәсімдеу кезінде банктер сақтандыру компанияларын міндеттеп таңып қояды. Клиент ретінде неліктен сақтандыру компаниясын өзім таңдай алмаймын? Өйткені олардың шарттары, нақтырақ айтқанда, қызмет  құны кейде әжептәуір ерекшеленеді. Қанша дегенмен оны төлейтін мен ғой. 6 маусым 2012, 17:44 2 402 просмотра
Сұрақ-жауап

Аула көлік тұрағына айналды

- Азаттық даңғылы бойындағы 5 А және 5 Б үйлерінің жанында мұнай және газ институты, Аджип, сондай-ақ, бірнеше мейрамханалар  мен кафе ғимараттары орналасқан. Күн сайын осы мекеме қызметкерлерінің және сол жерге келушілердің көлігі біздің ауламызда толып кетеді. Тіпті кейбіреулер  көліктерін балалар алаңына да қояды. Бұл мәселені қалай шешсек екен? 30 мамыр 2012, 17:34 1 824 просмотра
Сұрақ-жауап

Тағы да тариф туралы

- Энергожабдықтау ұйымдарының дифференциалды ережесінде электр энергиясының тәулік аймағы тарифтері бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты «электр плитасын қолданбайтын жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар» деген санат бар. Бұл санаттағылар үшін жекеленген тарифтер ұсынылады. Мен өзімнің электр энергиясы үшін ақы төлейтін учаскемде осы санатқа кімдер жататындығын білгім келген, алайда, ондағылар маған әзірге ол туралы ешқандай түсініктер берілмегендігін айтты. Мен зейнеткермін, қызымның атындағы пәтерге тіркеліп, тұрып жатырмын, мен осы жеңілдікті пайдалана алам ба? 30 мамыр 2012, 17:32 2 413 просмотра
Кім жылдам? Сұрақ-жауап

Кім жылдам?

- Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістердің, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізу міндетіне қатысты мәселенің күшіне енгендігі туралы естідім. Бізде бұрын қозғалыстың қарсы жақ бетінен жүргінші жолды кесіп өтуге енді ұмтылған кезде тоқтауды талап еткен инспекторлармен дау-дамайлар  жиі туындап отыратын. Бұл ақылға сыйымсыз талап заң бойынша алынып тасталды ма?  30 мамыр 2012, 17:31 2 805 просмотра