Атырау, 24 сәуір 13:17
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ішкі бағам

1 714 просмотра

- Ұлттық банктің есебінде үстіміздегі жылдың сәуір айында қазақстандықтардың өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 100 миллион доллар кем сатып алғандығы айтылады. Бұл немен байланысты?

azh.kz сайтынан

Сауалға ҚР Ұлттық банк Атырау  филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ жауап береді:

- Шынында да 2011 жылдың сәуірінде еліміздің айырбастау қосындарында АҚШ долларының нетто-сатылымы осы жылдың сәуірімен (852 млн) салыстырғанда 100 миллионға артық болды. Алайда, бұл көрсеткіштер айтарлықтай емес. Айталық, мәселен, бірнеше ай ішінде үстіміздегі жылдың басында доллардың нетто-сатылымы ай сайын деңгейден 1 млрд долларға артып отырды. Осылайша, айырмашылық 200 млн долларды құрады. Нарық экономикасы үшін азық-түлікке деген сұраныстың артуы мен төмендеуі, оның ішінде қаржылық өзгерістердің орын алуы қалыпты жағдай.

Еуро мен рубльге келетін болсақ, мынаны атай кеткен жөн. Егер 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында рубльдің нетто-сатылымы 3,6 рубль деңгейінде болды, ал, 2012 жылдың осы мезгілінде ол өсіп, 4,8 млрд рубльді құрады. Ал, еуро болса, бұл кезеңде керісінше, 250-ден 184 миллионға дейін төмендеді.

Ұлттық банктің статистика және экономикалық талдау бөлімінің жетекші экономист-маманы Асхат ЕРМЕКОВТІҢ облыстар бойынша келтірген мәліметтеріне қарағанда, өткен және үстіміздегі жылдың сәуіріндегі сұраныстағы өзгеріс өте төмен: егер республикалық  11% болса, онда ол Атырау облысында 2,2% құрады.

- Өткен жылы облыстың айырбастау қосындары  197,4 млн доллар, биылғы жылы  193 млн доллар сатты.

20 маусым 2012, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.