Атырау, 27 желтоқсан 07:54
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды

2 754 просмотра

- Менің күйеуімнің жасы 73-те, 2001 жылдан бері Паркинсон сырқатымен ауырады. Оған дәрігер «Наком» және «Циклодол» деген дәрі-дәрмектерді  жазып берді. Бұрын біз дәрілердің кейбірін тегін алып тұрдық. Жұбайымның жасы 70-ке келгенде оны жасына байланысты бізді емхананың есебінен шығарды. Содан бері қарай біз барлық дәріні сатып алуға мәжбүрміз. Оның үстіне ол дәрілерді табудың өзі проблемаға айналды. Екі жылдан бері дәріханалардан «Наком» жоғалды, ал, кейін циклодол да көрінбей кетті, енді оларды Ресейден тапсырыс беріп алдыртуға тура келіп отыр. Бұл дәрі-дәрмектердің дәріхана сөрелерінен жоғалуының себебі неде?

Телефон арқылы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті депаратаментінің медициналық және фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Сара ОРАЗОВАжауап береді:

- Біріншіден, дәрігерлердің  пациентті есептен жасына қарай шығаруға құқығы жоқ, тек оның жағдайы жақсарған кезде ғана шығара алады, бірақ, бұл ондай жағдай емес. Екіншіден, бұл дәрі-дәрмектердің Қазақстандағы тіркелу мерзімі біткен жоқ, демек, Қазақстанда бұл дәрілерді сатуға заңды кедергілер жоқ, ал, жеке фармацевтикалық компаниялардың өздерінің дәріханалар желісі арқылы не себепті сатпай отырғандығы түсініксіз.

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тегін дәрі-дәрмектер тізбесінде наком және циклодол да бар. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін осы тізілім бойынша 100 таблеткадан тұратын 2 Наком орамасы  және 50 таблеткадан тұратын циклодолдың 14 орамасы жіберілді.

«Медицина» АҚ фармацевтикалық бөліміндегілер циклодол дәріханаларда бар және оны дұрыс рәсімделген рецепт бойынша ешқандай кедергісіз беріледі деп отыр, ал, наком шынында да саттықта көптен бері  жоқ. Бірақ, алдағы аптаның ішінде ол дәрі дәріханаларға түседі деп күтілуде.

- Паркинсон сырқатымен ауыратын пациенттердің туысқандары бізге бірнеше рет накомның жоқтығын айтып хабарласқан болатын. Бұл дәріні жеткізуге байланысты тендер өткізілді, қаржы да бөлінді, дәрігерлердің рецептісімен емханаларда невропотологта есепте тұрған науқастарға беруге тиісті. Биылғы жылы мемлекет барлығы 58 орама наком дәрісін сатып алды. Әрбір науқасқа берілетін дәрінің саны жекелей алғанда дәрігер есептеген дозаға байланысты болады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығы Алмагүл ДӘУЛЕТОВА.

Қаржыландырудың жаңа жүйесі бойынша әрбір дәрі-дәрмекке мемлекет жеткізушіден тауарды сатып алуға дайын рұқсат етілген шекті баға тағайындалады. Бұл жағдайда жеткізуші «Медицина» АҚ болып табылады, рұқсат етілген шекті баға 6 600 теңге. Алайда, жеткізушілердегі проблема дәрінің қымбаттылығына байланысты туындаған жоқ, Қазақстанға әкелуде қиындықтар болды. Енді жоғарыда аталып өткендей, келесі аптада пациенттер өздеріне тиесілі дәрілерін ала алады.

20 маусым 2012, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.