Сұрақ-жауап Еңбек етпесең, елге өкпелеме – Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады? 24 қазан 2012, 22:46 3 800 просмотра
Сұрақ-жауап 50 пайыз бәріне тиесілі емес – Мен ІІ топ мүгедегімін, әдетте автобустарға мінгенде жолақының 50 пайызын төлеймін. Бірақ Еркінқалаға баратын №52 маршрутта мүгедектігім туралы куәлігіме қарамастан менен үнемі 65 теңге жолақы алады. Кондукторлар өздерінің маршруттарында жеңілдіктер қарастырылмағанын айтады. 17 қазан 2012, 21:33 1 710 просмотра
Сұрақ-жауап Жол келесі жылы болуы мүмкін – Біз Атырау қаласының Қайыршақты округінің Томарлы поселкесінде Аманжол Оралов көшесінде тұрамыз. Биыл көшемізге тек қиыршық тастар төгіп, ал асфальтты ақыры төсеген жоқ. Көршілес Жұлдыз және Геолог-2 тұрғын үй массивтеріндегі жолдар асфальтталған. Біздің көшемізге кезек қашан келеді? 17 қазан 2012, 21:30 2 333 просмотра
Сұрақ-жауап Шеберге арналған жұмыс көлемі – Қолданыстағы нормалар мен нұсқаунамаларға сәйкес өндірістік оқыту шеберінің сағаттық мөлшерлемесі қандай? Мәселен, біздің колледж оқытушысының мөлшерлемесі – 780 оқу сағаты, ал өндірістік оқыту шеберлеріне 1200 сағат белгілеген. Осы заңды ма? 17 қазан 2012, 21:19 3 119 просмотра
Сұрақ-жауап Күрелмейді – Жазда біздің үйлеріміз (Огородный көшесі, 5-үйден Огородный көшесі, 28-үйге дейінгі жеке құрылыстар) күреледі деген қауесет жүрген еді. Содан кейін кенеттен бәрі тынышталып қалды. Күреле ме, жоқ па, соны білгіміз келеді? 10 қазан 2012, 19:52 1 776 просмотра
Сұрақ-жауап Ақша болса, газ да болады – Нұрсая-3 ықшамауданындағы жер учаскесінен үй салғым келеді. Бірақ ол жерде коммуникация жоқ. Ол жерге биыл газ, су құбыры, электр жүйелері жүргізіле ме? 10 қазан 2012, 18:48 1 783 просмотра
Сұрақ-жауап Сауықтыру жәрдемақысы жылына бір рет беріледі – Мен 2011 жылдың қаңтарында химиялық зертханаға жұмысқа орналасқан едім. Алғашқы еңбек демалысымды 2012 жылдың қаңтарында алдым. Демалыс ақысымен бірге маған сауықтыру жәрдемақысын төледі. Сол уақыттан бері 6 ай өтті, мен қайтадан демалысқа шықпақшымын. Бірақ есеп бөліміндегілер биыл алдың деп маған сауықтыру жәрдемақысын аударудан бас тартып отыр. Олардың айтуы дұрыс па? 10 қазан 2012, 18:46 3 037 просмотра
Сұрақ-жауап Орталықтың әзірге мөрі жоқ – Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп? 10 қазан 2012, 18:42 2 665 просмотра
Сұрақ-жауап Тышқаннан құтқарыңдар! – Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады? 10 қазан 2012, 18:37 3 157 просмотра
Сұрақ-жауап Бәрі тірі болуы керек - Менің 6 баламның біреуі 20 жасында қайтыс болды. Балаларымның біреуі тірі емес деп, маған «Күміс алқа» белгісін рәсімдеуден және жәрдемақы төлеуден бас тартып отыр. Бірақ ол кәмелеттік жасқа толып, маған байланысты емес жағдайда қайтыс болды ғой. 10 қазан 2012, 18:32 2 853 просмотра
Сұрақ-жауап Септик үшін де төлеу керек – Неліктен «Атырау Су Арнасы» жеке сектордан есептегіш бойынша су пайдалану үшін төлемақы алу кезінде тұтынылған текше метр суға сәйкес септик үшін де төлемақы есептейді? Жеке секторда орталық кәріз жүйесі жоқ қой, біз өз септигімізді пайдаланып отырмыз. Ал септик үшін біз ағын суларды сорып алатын ваккум машиналарын жалдап, 3-4 мың теңгеден төлеп отырмыз. 26 қыркүйек 2012, 22:12 2 105 просмотра
Сұрақ-жауап Үш ай сусыз отыр Біз, Запорожский өткелі тұрғындары, сусыз отырғанымызға 3 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көшенің басынан тасып әкелеміз. Тозығы жеткен темір тұрбаны пластикалық тұрбаға ауыстырамыз деп ауыз судың берілуін тоқтатқан еді. Күн салқындап, жылу қосатын уақыт та жақындап келеді. Су неге берілмей жатыр? Қашан беріледі? 26 қыркүйек 2012, 22:11 1 754 просмотра
Сұрақ-жауап Полицей танысқысы келеді – Жуырда үйімізге полицей келіп, әлдебір жедел алдын алу шараларына байланысты деген желеумен қаруы бар отбасы мүшелері туралы мағлұматтарды анықтауға тырысты. Мен оны табалдырықтан аттатпадым. Өйткені бұл үшін олардың тиісті құжаттары болуы керек деп есептеймін. Осы әрекетіммен қандай да болмасын күмәнді тізімге немесе жете тексеру жүргізуге ілініп қалмадым ба екен? 26 қыркүйек 2012, 22:10 1 847 просмотра
Сұрақ-жауап Берекетсіз көршілер – Біз Азаттық, 80 мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздегі екі пәтер жарты жылдан бері тәулікпен немесе жеңіл жүрісті қыздарға жалға беріледі. Біз мұндай көршілерден шаршадық. Полицияға шағымданған едік, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Пәтер қожайыны кешікпей алаңды босататынын айтып уәде берген болатын, бірақ бұдан әрі шыдай алмаймыз. Ұйқысыз түндер, балаларымыз көріп, естіп жүрген тәртіпсіздіктер... тыйылар емес. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндайға жол беруге бола ма? 26 қыркүйек 2012, 22:09 2 034 просмотра
Сұрақ-жауап Түбіртектегі «түсінбестіктер» – Судың (салқын сумен қамту жүйесі) бағасына қатысты мәселені анықтап берсеңіздер екен. Былай қарағанда үнемдеу керек дегендей, бұл да дұрыс сияқты. Бірақ бізді үнемі алдауға тырысады. Соның ішінде «Атырау Су Арнасына» қатысты айтқым келіп отыр... 26 қыркүйек 2012, 22:08 1 773 просмотра
Сұрақ-жауап Учаскелік дәрігер де жолдама бере алады – Менің балама жеке клиникада «фронтит» деген диагноз қойды және жедел ауруханаға орналастыру талап етілді. Алайда, учаскелік дәрігер ауруханаға жолдама жазып беруден бас тартып, бізді Алмагүл мөлтек ауданындағы емханаға - отоларингологке жіберді. Ал онда алдын-ала жазылып қояды екен. Емханаға келіп қарайтын дәрігер 1,5 сағатта 40 баланы қарап үлгеруі тиіс. Қатты сырқаттанып тұрған баланы жолдама алу үшін дәрігердің қабылдауына кезекке тұрғызып жұмсау соншалықты қажет пе? 19 қыркүйек 2012, 23:08 2 999 просмотра
Сұрақ-жауап «Торды» бассаң болды – 50-ден немесе 30-дан басталатын телефон нөмірін теру барысында тұтқадағы гудок бірден пайда болады. Ал, 28, 27, 21-ден басталатын нөмірлерді тергенде гудок бірден шықпайды, кейде тіпті, оны бір минуттап күтуге тура келеді. Бұл немен байланысты? 19 қыркүйек 2012, 23:02 2 117 просмотра
Сұрақ-жауап Ақша бірдей жұмсалса, мүлік те ортақ – Күйеуіммен ажырасқым келеді. Біздің екі баламыз бар. Біздер тұрып келген үй күйеуімнің атында, ол бұл үйді менімен некеге тұрғанға дейін алған еді. Бүгінгі күні маған балаларыммен бірге тұратын жер жоқ. Пәтер жалдап жүрмін. Маған бұл үйден үлес тиесілі ме, өйткені 7 жыл бойына бірге тұрған уақытта біз үйдің екінші қабатын салып бітірдік, газ жүргіздік, мен жөндеу жұмыстары үшін несие алдым. 19 қыркүйек 2012, 22:58 2 918 просмотра
Сұрақ-жауап Күреу мерзімі белгісіз – Біз Мирный поселкесіндегі Ташкент көшесінде тұрамыз. Көршілер бізге Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтаудың 3-кезеңіне байланысты біздің үйлеріміздің күрелетіндігін айтты. Күрелу мерзімін айтсаңыздар екен? 19 қыркүйек 2012, 22:55 1 919 просмотра
Сұрақ-жауап Әкімнің сайты жұмысын қазанда бастайды – Шілде айынан бастап Атырау облысы әкімінің блогы жұмыс істемей қалды. Жаңа хабарламалар жарияланбайды, ескісіне жауап ұсынылып отырған жоқ. Блог қандай себептерге байланысты жұмыс істемей қалды? Жалпы облыстың жаңа әкімінің сайты жұмыс жасайтын бола ма? 19 қыркүйек 2012, 22:52 2 336 просмотра
Сұрақ-жауап Сотта диктофон қолдануға рұқсат – Жақында мен жауапкер ретінде азаматтық іске қатысамын. Дау кәсіпкерлік қызметке байланысты. Мен сот мәжілісінің барысын диктофонға жазып алуға құқылымын ба? 19 қыркүйек 2012, 22:49 2 161 просмотра
Сұрақ-жауап Мүгедектікті әлеуметтік қорғау бөлімінде анықтайды – Менің жүрегіме ота жасалып, жасанды жүрек қарыншасын салды. Мен мүгедектіктің қай тобына жатамын? Және маған күтім жасап жатқан адамға қандай да бір жеңілдіктер бар ма? 19 қыркүйек 2012, 22:47 1 924 просмотра
Сұрақ-жауап Күтуге тура келеді – Біз Жұмыскер-1, Аманшин көшесі, №83 мекен-жайы бойынша үй сатып алдық. Бірақ, бұл жерлерде асфальт төселген жолдар жоқ. Көшеміз қашан асфальттандырылады? 19 қыркүйек 2012, 22:44 1 863 просмотра
Сұрақ-жауап Жалақы соттың шешімімен ұсталады – Біздің мекеменің ішкі тәртібі бойынша қызметкерлер униформа киіп, бейдж тағып жүруі тиіс. Бірде мен бейджді автобуста түсіріп алып, күні бойы жұмыста бейджсіз жүрдім. Сол үшін және жұмысқа кешіккенім үшін жұмыс беруші менің еңбекақымнан 10 000 теңге айыппұл ұстап қалғысы келеді. Осы заңды ма? 19 қыркүйек 2012, 22:42 2 111 просмотра
Сұрақ-жауап Көлік қызметкерлеріне тыйым бар – Өткен жұма күні таңертең «Светлана» аялдамасында 6-маршрут кассирінің автобустағы оқушыларға арналған орын саны шектеулі деп, екі оқушыны автобусқа мінгізбегеніне куә болдым. Егер бұл тасымалдау ережесін бұзу болса, қайда шағымданған жөн? 12 қыркүйек 2012, 23:42 2 253 просмотра