Атырау, 29 наурыз 16:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түбіртектегі «түсінбестіктер»

1 588 просмотра

– Судың (салқын сумен қамту жүйесі) бағасына қатысты мәселені анықтап берсеңіздер екен. Қызмет тарифі қазір «дифференциалды» болды. Былай қарағанда үнемдеу керек дегендей, бұл да дұрыс сияқты. Бірақ бізді үнемі алдауға тырысады. Соның ішінде «Атырау Су Арнасына» қатысты айтқым келіп отыр. Бір адамға айына 3 текше метр су - лимит, ал қалғандары жоғары тарифпен бекітілген. Бізде есептегіштер орнатылған, бірақ «Атырау Су Арнасынан» келетін түбіртектерде (бақылаушылардың айтуынша) үнемі «жаңылысулар» орын алады. 1-2 текшені қосып жазса, үндемейміз. Бірақ 4 шілдеде Авангардтың 4-ықшамауданында бақылаушымыз демалыста болып, көрсеткіштер мүлдем алынған жоқ, түбіртек әкелінбеді.

Бақылаушының өзіне қояр талабымыз жоқ, демалуға әр адамның құқығы бар. Бірақ «бір бақылаушының орнына учаскеге басқасын неге қоймады?» деген сұрағымызға: «оны кім ауыстырады және онда тұрған не бар? Сіздің текше метрлеріңіз ешқайда кетпейді, осы айда «жазылған» көрсеткішпен төлеңіз, ал келесіде бәрі теңеседі» деген жауап алдық. Алайда «жазылған» текше метрлер үшін бағалар жоғарғы тарифпен есептелінген.

«Ақ Жайық» газетінде «Атырау Су Арнасының» сайты ашылды, оған барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады деген мақала шыққан еді. Бірақ бұл сайт іске қосылмаған күйде қалып отыр.

Аталмыш жайттарға байланысты менің қоятын нақты сұрақтарым бар: 1. Салқын сумен қамту жүйесінің көрсет-кіштері бойынша есептегіш аспаптардың көрсеткіштерін алу процедурасы қалай жүзеге асырылады: бақылаушының қатысуымен бе, телефон арқылы ма, әлде «Атырау-Жарықтағыдай» фотоаппарат көмегімен бе? 2. Түбіртекке енгізілген көрсеткіш нақты мәліметтермен сәйкес келмесе, қалай қарсылық білді-руге болады? 3. Бізден көрсет-кішті қай уақытта алуы тиіс: айдың басында ма, ортасында немесе аяғында ма?  4. Учаске бақылаушысы демалыста болған кезде, сырқаттанып қалғанда және т.б. уақытта көрсеткішті кім белгілеп алуы тиіс? Жұмыс процесін ұйымдастыра алмаулары себепті тұтынушылар неліктен мәселені анықтау үшін уақыттарын жұмсап, жалған түбіртектер бойынша төлеуі тиіс?

Ольга Грицук, электронды пошта арқылы

Оқырманның сұрағына«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ жауап береді:

– «АСУ» КМК сайты www.suarnasy.kz үздіксіз жұмыс жасап тұр. Қала тұрғындары осы жерден апат қызметіне сұраныс беріп немесе сұрақ қойып, өздерінің коммуналдық проблемаларын шеше алады. Әрі қарайғы жауаптарды ретімен айтайын: 1. Ай сайын «Атырау Су Арнасы» КМК бақылаушылары есептегіш көрсеткіштерін белгілеп алады, ал кей жағдайларда егер абоненттер үйлерінде болмаған кезде көрсеткіштерді телефон арқылы беруге рұқсат етіледі.

2. Егер абонент түбіртекке енгізілген мәліметтермен келіспесе, 45-46-61 телефоны бойынша қоңырау соғу қажет. 3. Су есептегіш көрсеткіші жеке тұлғадан кестеге сәйкес белгілі бір күндері әр айдың 15-інен 25-жұлдызына дейін алынады. 4. Бақылаушы демалыста болған немесе сырқаттанып қалған кезде оны сектор бастығы ауыстырады.

26 қыркүйек 2012, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.