Атырау, 26 сәуір 17:18
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Берекетсіз көршілер

1 882 просмотра

– Біз Азаттық, 80 мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздегі екі пәтер жарты жылдан бері тәулікпен немесе жеңіл жүрісті қыздарға жалға беріледі. Біз мұндай көршілерден шаршадық. Полицияға шағымданған едік, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Пәтер қожайыны кешікпей алаңды босататынын айтып уәде берген болатын, бірақ бұдан әрі шыдай алмаймыз. Ұйқысыз түндер, балаларымыз көріп, естіп жүрген тәртіпсіздіктер... тыйылар емес. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндайға жол беруге бола ма? Бұл мейманхана емес қой. Бірде полицей шақырған едік. Е195КР деген мемлекеттік нөмірі бар полицей «Газелі» келді. Көршілеріміз бен келген полицейлер бір-бірімен жақсы таныстардай әсер қалдырды. Олар жай ғана сөйлесті де, ешқандай шара алмастан кетіп қалды. Тіпті тәртіп сақшыларының өзі дәрменсіз болса, біз не істей аламыз?

Телефон арқылы

Атырау облыстық ІІД ҰҚКБ бастығы Е. КЕНЖЕҒАЛИ түсінік береді:

– Аталмыш үй тұрғындарының шағымы бойынша тексеру жүргізіліп, жеке кәсіпкер ретінде шынымен де тәулікпен жалға беретін пәтер қожайынынан жауап алынды. Қазіргі кезде пәтерлердің бірі бос тұр, екіншісі тұрақты негізде жалға берілген. Қожайыны бұрын пәтерді бейтаныс қыздарға жалдағанын растады. Шағым түскеннен кейін олардан пәтерді босатуды өтініпті. Осындай фактілер туралы Атырау облыстық ІІД ҰҚКБ 98-21-13, 98-21-33 телефондарына жасырын қоңырау шалуға болады.

26 қыркүйек 2012, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.