Атырау, 27 сәуір 07:54
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орталықтың әзірге мөрі жоқ

2 482 просмотра

– Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп?

Телефон арқылы

«Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Атырау филиалының директоры Қамбар ТЕМІРОВ жауап береді:

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттар қабылдауды біз кәсіпорнымызды қайта құруға байланысты уақытша тоқтаттық. Бұрын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болған едік, енді облыстық филиал боламыз. Әділет департаментінен куәлігімізді алдық. Егер апта аяғына дейін СТН алып, Салық комитетіне тіркелетін болсақ, бірер күнде мемлекеттік актіні басу жұмыстарын бастап, құжаттарды қабылдауды қалпына келтіретін боламыз.

10 қазан 2012, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.