Атырау, 19 сәуір 12:36
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сауықтыру жәрдемақысы жылына бір рет беріледі

2 770 просмотра

– Мен 2011 жылдың қаңтарында химиялық зертханаға жұмысқа орналасқан едім. Алғашқы еңбек демалысымды 2012 жылдың қаңтарында алдым. Демалыс ақысымен бірге маған сауықтыру жәрдемақысын төледі. Сол уақыттан бері 6 ай өтті, мен қайтадан демалысқа шықпақшымын. Бірақ есеп бөліміндегілер биыл алдың деп маған сауықтыру жәрдемақысын аударудан бас тартып отыр. Олардың айтуы дұрыс па?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВ жауап береді:

– Еңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді. Егер бұл зертхана мемлекеттік емес, жеке кәсіпорынға тиесілі болса, сауықтыру жәрдемақысының қажеттілігі мен беру жиілігі ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі және ішкі бұйрықтармен реттелуі тиіс.

10 қазан 2012, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.