Атырау, 29 желтоқсан 13:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Бригадалар үлгермейді

– Түнде екі жасар сәбидің температурасы 39,3-ке дейін көтеріліп, жедел жәрдем шақырдық. Бригада градусниксіз, қызу түсіретін препараттарсыз 3 сағатқа кешігіп келді. Сонда олардың не үшін келгенін әлі түсінбеймін. Жедел жәрдем стансасында педиатриялық бригада жоқ болғаны ма?  21 ақпан 2013, 00:00 2 109 просмотра
Сұрақ-жауап

Лицензиялық өнім орнатылуы тиіс

– Менің компьютерлер жөндеу қызметін көрсететін ЖК-ым бар, сонымен қатар Windows операциялық жүйелер орнатумен де айналысқым келеді. Мұндай қызметтер көрсетуге құқылымын ба? Маған өндірушіден қандай да болмасын рұқсат қажет пе? 21 ақпан 2013, 00:00 1 892 просмотра
Сұрақ-жауап

Қамау тәртібі

– Ұлымды полицейлер ұстап алды. Ол ҚІІБ-де күні бойы болды. Оны тек түнде сағат 23.00-дер шамасында келесі күні келуге міндеттеп босатты. Менің білуімше, полицейлердің 3 сағаттан артық ұстауға қақылары жоқ. Полицейлер ұлымның ҚІІБ-не тек 20.30-да ғана жеткізілгенін, сондықтан олардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық жоқ екендігін айтып отыр. Бірақ іс жүзінде оны таңертең ұстаған еді. Түске дейін полицейлер ұлымды көліктерімен алып жүріп, ал бөлімшеге тек түстен кейін әкеліп, кешке дейін ұстаған. Полицейлердің әрекеттері қаншалықты заңды? 21 ақпан 2013, 00:00 1 646 просмотра
Сұрақ-жауап

Даңқты жерлесіміздің есімі

– Бұрын біздің көшеміз Верхняя Садовая деп аталды. Өткен жылдың аяғында оған Шамкен Мұхтаровтың есімін берді. Бүкіл интернетті қопарып, мұндай адам туралы ешқандай мәлімет таба алмадым. Біздің көшеміздің қандай жанның есімімімен аталатынын білгіміз келеді. 14 ақпан 2013, 00:00 2 384 просмотра
Сұрақ-жауап

Қамқорлыққа алынған мектептер

– №21 мектептегі жөндеу жұмыстарынан кейін бізді, мұғалімдерді 3 мың теңгеден дәліздегі стендтерге ақша беруге мәжбүрлеп отыр. Өз есебімізден сыныптарды безендіруге: жалюздер, көрнекі құралдар мен басқа да нәрселерді сатып алуға міндеттеді. «Ата-аналардан немесе өздерің жинаңдар» деді. Неліктен мұны өз қаржымыздан жасауға мәжбүрлейді?.. 14 ақпан 2013, 00:00 1 990 просмотра
Сұрақ-жауап

Егеуқұйрық, тышқан бар ма?

– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 329 просмотра
Сұрақ-жауап

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба? 7 ақпан 2013, 00:00 2 540 просмотра
Сұрақ-жауап

Нөмір дағдарысы

– Жаңа мемлекеттік нөмір алғым келген. Бірақ көліктің артқы нөмір тұратын орны шаршы боп келген. Жергілікті жол полициясындағылар жаңа нөмірлердің тек тік бұрышты пішінде екенін мәлімдеп отыр. Алайда жол полициясы комитетінің сайтынан шаршы нөмірлер де бар екенін оқыған едім. Осы рас па? 7 ақпан 2013, 00:00 1 980 просмотра
Сұрақ-жауап

Көрсетілім бойынша тексеру

– Мен №1 емханада есепте тұрмын. Біріншіден, жүктілігіме байланысты генетиктен ақылы кеңес алу үшін мені жеке емханаға жіберді. Бірақ кейбіреулерін облыстық перзентханаға тегін кеңес алуға жіберіп жатқанын білемін.  Екіншіден, бұрын ИФА мен ПЦР әдістері арқылы инфекцияларды тексеру жүктілер үшін тегін еді, ал қазір ақылы болған. Бұл немен байланысты? 7 ақпан 2013, 00:00 2 354 просмотра
Сұрақ-жауап

Бір қолға үш жәрдемақы

– Қазіргі уақытта біз сәбиіміздің мүгедектігі бойынша құжат ресімдеумен айналысудамыз. Менің білуімше, бізге бірден жәрдемақының үш түрі – екеуі сәбиге және біреуі күтім жасайтын ата-анасына тиесілі. Бірақ көру қабілеті жағынан мүгедек сәбиі бар туысымыз оның әкесі қайтыс болғаннан кейін, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы ресімдей алмады. Оған жәрдемақылардың бірін таңдау керектігін айтыпты. Осы дұрыс па? 31 қаңтар 2013, 00:00 2 559 просмотра
Сұрақ-жауап

Кешкі «романтика»

- Біз Береке селосындағы «Кабиева» ЖК-нің су тазалау құрылғысының аумағында жаңа тұрғын үй массивінде тұрамыз. Бізді электр жарығына қатысты проблемалар шаршатып болды. Шамдар сығырайып, тоңазытқыш пен теледидарлар үнемі бұзылуда, кернеуді реттейтін стабилизаторлар да көмектеспейді. Өткен жылдың қарашасында біз «АтырауЭнергоСату» ЖШС директорының қабылдауында болдық. Ол жіберген комиссия электрмен қамту тұрақты болатын күндізгі уақытта келді. Ал проблемалар, негізінен, кешкі уақыттарда туындайды. Электрмен қамту қашан тұрақтанады екен? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 204 просмотра
Сұрақ-жауап

Үстемақы қосылған сәлемдеме

- Менің атыма пошталық сәлемдеме келген еді. Алайда пошташы бұл туралы хабарламаны маған сәлемдеме пошта бөлімшесіне келіп түскеннен кейін бір апта өткенде әкелді. Сәлемдемені алып кетуге келсем, поштада бір апта бойы жатқаны үшін ақы төлеуімді талап етті. Бұл жағдайда пошта қызметкерлерінің әрекеттері дұрыс па және пошта бөлімшелерінде сәлемдемелердің ақысыз сақталу мерзімі қандай? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 039 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақырзаман

- Екі аптадан бері Атырау ықшам ауданында электр жарығы жанып-өшіп, тұрақтылық болмай тұр. Атырау-Жарықтың апатты бригадасы келіп жасайды, қосады, жарты сағаттан кейін қайта сөнеді. Газ қазандықтары электр қуатымен жұмыс жасайды, тоңып отырмыз, жылыту жүйесі қатып қала ма деп те қорқамыз. 9 қаңтар 2013, 18:57 2 414 просмотра
Сұрақ-жауап

Ыңғайсыз өткел

- Сәтпаев даңғылынан Владимир көшесіне бұрылыстан («Өнерпаздың» қасында) бірнеше метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бұл өте шиеленісті қиылыс. Қарбалас сағаттарда Сәтпаевтан Владимир көшесіне бұрылыста машиналар көп жиналып, жүргізушілер Сәтпаев даңғылынан тез өтіп кетуге тырысады және көшеден өтерде жүргіншілерді жіберіп, тағы тоқтауға тура келеді. Сәтпаевтан Ерғалиев көшесіне бұрылыста да жүргіншілерді жіберуден машиналар кептеліс жасайды. Осы жүргіншілер өткелін, кем дегенде, 5 метрге әрі көшіруге болмас па екен? 9 қаңтар 2013, 19:01 1 951 просмотра
Белгілерге абай бол! Сұрақ-жауап

Белгілерге абай бол!

- Азаттық – Әліпов көшелері қиылысында «Атырау» шипажайынан шығарда «Жол беріңіз» белгісі тұр. Бұл егер менің маневрым басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмей, апатты жағдаяттар тудырмасам, бағдаршамның белгілеріне қарамастан қиылысқа шыға беруіме болады деген сөз. Алайда, мен шипажай жақтан қиылысқа шыққан жүргізушілердің бағдаршам белгілеріне қарайтынын байқап жүрмін. Кімдікі дұрыс? 9 қаңтар 2013, 18:59 2 537 просмотра