Атырау, 6 желтоқсан 09:02
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Тыныштық керек

– Жыл сайын ерте көктемнен бастап, күз аяқталғанша бізге, Крупская көшесі мен Студенческий көшесінің тұрғындарына түн болса тыныштық жоқ: жастар көлікпен жарыс ұйымдастырады. Дөңгелектердің дыбысы мен көліктердің сигналдары дұрыс тынығуға мүмкіндік бермейді. Соңғы рет стритрейсерлер сағат 2.00-ден 4.00-ге дейін жарысып, ал жанкүйерлер тобы «Қане! Қане!» деп ұрандатып, шулаған еді. Біз ЖПБ кезекшісіне әлденеше рет қоңырау шалдық, бірақ ешқандай шара алынған жоқ. 4 шілде 2013, 00:00 2 844 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұрагерлік және заң бойынша

- Қазақстанның басқа облысында тұратын туыстарымның атасы мен немере ағасы (атасының ұлы) бір уақытта бақилық болды. Олар қайтқаннан кейін арттарында үй, саяжай учаскесі және ақшалай жинақтары қалды. Атаның балаларының ішінен көзі тірісі - жалғыз қызы. Атасымен бірге қайтқан ағаларының әйелі де, балалары да жоқ. Осы атаның немерелері болып табылатын менің туыстарым мұрагер бола ала ма? 27 маусым 2013, 00:00 7 153 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жаңа көшеге - жаңа тақтайша

- Қала әкімінің 2011 жылдың 12 мамырындағы шешімі бойынша Новоселов көшесіне Өтепқали Әлжанов есімі берілген болатын. Біздер осы көшеде тұратындықтан, бұл кісінің кім болғаны жөнінде білгіміз келеді. Көше атауы өзгеруіне байланысты үй құжаттарын қайта ресімдеу керекпіз бе? Сонымен қатар көше атауы жазылған тақтайшалар қашан орнатылады? 27 маусым 2013, 00:00 2 672 рет қаралды
Шаш ал десе,бас алған Сұрақ-жауап

Шаш ал десе,бас алған

Құрманғазы аудандық санэпид қадағалау бөлімінің мамандары «органдардан» ауданға Ресейден сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері келіп түсті деген хабарлама алып, 20 тексеру жүргізген. Барлығы да заңсыз болып шықты. 20 маусым 2013, 00:00 2 496 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тыныштық керек

– 2012 жылдың қазанында пәтер сатып алған едік.  Қоныс-танғанымыз сол еді, бізді Каспий банктен қоңырау шалып, мазалай бастады, олар борышкерді іздейді екен. Біз әлденеше рет банк қызметкеріне олар іздеген адамның бұл пәтерде ешқашан тұрмағанын түсіндірдік. Бірақ қоңыраулар толастар емес. Бізді жайымызға қалдыру үшін не істеуге болады? 20 маусым 2013, 00:00 2 136 рет қаралды
...Тарыдай болып кіресің Сұрақ-жауап

...Тарыдай болып кіресің

-Биыл 1-сыныпқа баратын баламды өзім қалаған мектепке апара алам ба, әлде міндетті түрде өзіміздің тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша бөлінген мектепке баруға тиісті ме? Егер кез келген мектепке апаруға рұқсат етілсе, қандай құжаттар жинақтауым керек? 20 маусым 2013, 00:00 3 613 рет қаралды
Электронды ажырасу Сұрақ-жауап

Электронды ажырасу

- Біз жұбайым екеуміз Тараздың тумасымыз, сол жерде үйлендік. Қазір әйелім Алматыда жұмыс жасайды, ал мен жұмысыма байланысты уақытша Атырауда тұрып жатырмын. Екеуміз де Таразда тіркелгенбіз. Отбасылық өміріміз үйлеспеді және мен ажырасуға арыз берейін деп едім. Балаларымыз да, бөлісетін мүлігіміз де жоқ. Ажырасу туралы арызды қайда жазам? Мұны Атыраудан жасай беруге бола ма, әлде Таразға баруым керек пе? 13 маусым 2013, 00:00 11 349 рет қаралды
Сауықтыру жәрдемақысы Сұрақ-жауап

Сауықтыру жәрдемақысы

– Педагогтар еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы ставкамен бе, әлде нақты сағаттар бойынша есептеле ме? Мәселен, менің ставкам аптасына 18 сағат, ал өзім нақты 27 сағат жұмыс істеймін. Оның үстіне екі мектепте жұмыс жасаймын. Маған сауықтыру жәрдемақысын тек негізгі жұмыс орным бойынша ма, әлде екі жерде де төлей ме? 6 маусым 2013, 00:00 8 283 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Байланыс маусымда қосылады

– Неліктен «Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД-ның Самал ықшамауданынан оптикалық-талшықты телефон желісін орнатуға асықпай отырғанын анықтауға қол ұшын берсеңіздер екен. Біз жұмыстардың қабылдануын және ресми түрде іске қосылуын көптен күтіп жүрміз (телефон желісіне өтінішіміздің берілгеніне көп болды). Сонда «Қазақтелеком» басшылығының клиенттердің көбеюіне мүдделі болмай отырғаны ма? 6 маусым 2013, 00:00 2 315 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Артық төленген төлем

–1 сәуірден бастап айына бір адамға шаққанда 3 текше метрден аспайтын су тұтынатын тұрғындарға арналған тариф 28,7 теңге/текше метрді құрайды. Біздің үйде 4 адам есепке тіркелген. Бір ай ішінде 9 текшедей тұтыныппыз, оны бізге 60,15 теңге тарифпен есептеді. Неге бұлай?  6 маусым 2013, 00:00 2 150 рет қаралды
Текшемен есептелген су Сұрақ-жауап

Текшемен есептелген су

– 1 сәуірде «АтырауСуАрнасы» КМК (АСА) мамандары бізге есептегіштер мен пломбалар орнатып кетті. Пломбалау туралы құжаттарды ЖЭО мен АСА‑ға апаруға ұмытып кеткен едік. Енді АСА бақылаушысы есептегіш бойынша төлемнің тек біз осы құжаттарды апарған кезден бастап қабылданатынын айтып отыр. Осы заңды ма? Тағы бір жайт. Бізге есепке тіркелген 4 адамға 16 текше метр шықты  – 8-і ыстық су, 8-і салқын су. Әр адамға есептеген кезде ыстық суға бөлек, салқын суға бөлек есептейді деп ойлап едім. Ал бақылаушы жалпы тұтыну көлемі есептелетінін айтады. Кімдікі дұрыс? 6 маусым 2013, 00:00 2 116 рет қаралды
Жаңа нөмірге қоңырау шал Сұрақ-жауап

Жаңа нөмірге қоңырау шал

– 7 жылдан бері өз пәтерімізде тұрамыз. Кенет банктердің бірінің жергілікті филиалы мен бас кеңсесінен әлдебір борышкерді іздеп, қоңырау шала бастады. Біздің оған еш қатысымыз жоқ екенін әлденеше рет түсіндірген едік, онымыздан түк шықпады. Бұл телефон нөмірін ауыстыру үшін негіз бола ала ма? Егер негіз болса, мұны қалай жасау керек? 23 мамыр 2013, 00:00 2 666 рет қаралды
Қоқыс төгу үшін жолдан өтеміз Сұрақ-жауап

Қоқыс төгу үшін жолдан өтеміз

- Сельстрой маңындағы «Батыр» азық-түлік дүкенінің жанында қоқыс тастайтын контейнер тұратын. Жақын арада сол контейнер алынып тасталды да, тұрғындар қоқысты соның орнына тастайтын болды. «Арнаулы автобаза» қызметкерлері қоқыс орнын қолмен жинап жүреді. 16 мамыр 2013, 00:00 3 244 рет қаралды
«Плавикс» тек жүрек ауруларына тиесілі Сұрақ-жауап

«Плавикс» тек жүрек ауруларына тиесілі

– Менің сирақ-тобық буыныма шунтирлеу операциясын жасады. Мен «Плавикс» препаратын тегін алуға құқылымын ба? – Қарашаның аяғында жүрегіме шунтирлеу операциясын жасаған еді. Сол айда маған «Плавикс» препаратын тегін берді. Кардиолог оны үнемі қабылдауға тиіс екенімді айтты...  16 мамыр 2013, 00:00 2 338 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ТШО тартуы

– Балаларымыз ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда оқиды. Біз өзіміз Нұрсаяда тұрамыз. 2012 жылдың ақпанында ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында Нұрсаяда гимназияға арналған жаңа ғимарат салынатыны белгілі болды. Алайда мектеп салу үшін таңдалған жер телімінде жерасты сулары жоғары деңгейде болып шықты деседі. Гимназия құрылысына қатысты жағдай қазір қалай? Біздің ауданда қандай мектеп және мектепке дейінгі мекемелер салынатын болады? 16 мамыр 2013, 00:00 3 004 рет қаралды
Тұрбалар туралы Сұрақ-жауап

Тұрбалар туралы

– Біз Верхняя Садовая (Бірінші учаске) тұйық көшесінің тұрғындарымыз. Жақында жергілікті теледидардан бізге ескі су құбыры тұрбасынан жаңасына қосылуымыз керектігі туралы хабарландыруды көрдік. Осыған байланысты «бізді «Атырау СуАрнасына» кім қосады?» деген сұрақтар туып тұр. Мұндай жағдайда жұмыстар тегін бе, ақылы ма? Әлде өзіміз біреуді жалдауға тиіспіз бе? 2007 жылы біз өз қаржымызға өзіміз үшін желі жүргізіп, техникалық шарттарды төлеген едік. Енді жаңа техникалық шарт үшін төлеуіміз керек пе? 2 мамыр 2013, 00:00 2 201 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектік -диагноз бойынша

- Ұлым «құлақ жарғағының туа біткен ауытқуы» (құлағы жоқ) деген диагнозбен дүниеге келді, екінші құлағы нашар естиді. Балам 4 жаста, ол әлі күнге дейін сөйлей алмайды. Оған қоса ихтиоз сырқаты бар. Оған мүгедектік және соған қатысты жәрдемақы тиесілі ме? 2 мамыр 2013, 00:00 2 471 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңдағы мүлік

– Мен - Ресей азаматымын. Әкем - Қазақстан азаматы, қайтыс болғаннан кейін пәтері маған мұраға қалды. Оны сыйға бергім келген, бірақ маған Ресей азаматы болғандықтан, Қазақстан азаматына мүлікті сыйлай алмайтындығымды, оны тек сата алатынымды айтты. Осы рас па? 2 мамыр 2013, 00:00 2 174 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл - заңсыз

- Менің балам ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сыныбында оқиды. Өз сынып жетекшісі сабақтан кейін сынып оқушыларының үлгерімін көтеру үшін әр оқушыдан сағатына 1000 теңгеден мектепте ақылы сабақтар өткізеді. Бір сыныптан осы қосымша сабақтарға 10 шақты бала қатысады. Сонда әр баладан 1000 теңгеден алғанда күніне мұғалім 10 000 теңге ақша табады екен. Осы қаншалықты заңды? 2 мамыр 2013, 00:00 1 928 рет қаралды