Атырау, 25 сәуір 17:06
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Текшемен есептелген су

1 804 просмотра

– 1 сәуірде «АтырауСуАрнасы» КМК (АСА) мамандары бізге есептегіштер мен пломбалар орнатып кетті. Пломбалау туралы құжаттарды ЖЭО мен АСА‑ға апаруға ұмытып кеткен едік. Енді АСА бақылаушысы есептегіш бойынша төлемнің тек біз осы құжаттарды апарған кезден бастап қабылданатынын айтып отыр. Осы заңды ма? Тағы бір жайт. Бізге есепке тіркелген 4 адамға 16 текше метр шықты  – 8-і ыстық су, 8-і салқын су. Әр адамға есептеген кезде ыстық суға бөлек, салқын суға бөлек есептейді деп ойлап едім. Ал бақылаушы жалпы тұтыну көлемі есептелетінін айтады. Кімдікі дұрыс?

Телефон арқылы

Бізге «АтырауСуАрнасы» КМК баспасөз қызметі хабарлағандай, есептеу аспабын қабылдаған кезде екі данада акт ресімделеді. Бірі абонентте, екіншісі «АтырауСуАрнасы» КМК-не дерекқорға тіркеледі. Сондықтан кәсіпорынға акт көшірмесін ұсыну қажет емес. Тарифтер ыстық және салқын суға бөлінбейді. Есептеу 07.03.2013 жылғы 02/436 ТМРА бұйрығына сәйкес, сумен қамту жүйесіндегі екі есептегіштегі жалпы су көлемі бойынша есептеледі. Кәріз жүйесіне абоненттерден құйылатын ағынды сулар мөлшері тұтынылған салқын ауыз сумен және ыстық сумен қамту жүйесі суымен тең мөлшерде қабылданады.

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.