Атырау, 26 желтоқсан 18:00
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сауықтыру жәрдемақысы

7 960 просмотра

– Педагогтар еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы ставкамен бе, әлде нақты сағаттар бойынша есептеле ме? Мәселен, менің ставкам аптасына 18 сағат, ал өзім нақты 27 сағат жұмыс істеймін. Оның үстіне екі мектепте жұмыс жасаймын. Маған сауықтыру жәрдемақысын тек негізгі жұмыс орным бойынша ма, әлде екі жерде де төлей ме?

azh.kzсайтынан

Сұраққа облыстық білім беру басқармасының заңгері Зульфия МАҒЗОМОВА жауап берді:

- ҚР Еңбек кодексінің «Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс» деген 239-бабында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы берілетіндігі айтылған. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді. Жәрдемақы лауазымдық жалақысы мөлшерінде төленетін болса, демек бұл жерде белгіленген ставка, яғни 18 сағат туралы айтылып тұр. Егер қызметкерде толық емес ставка болса, онда оның нақты сағат саны есептеледі. Ал егер ол көрсетілген ставкадан көп жұмыс істесе, онда артық жұмыс істеген сағаттары есептелмейді. Қосымша жасалатын жұмыстарға келер болсақ, мұндай жағдайларда 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 үкімет қаулысына сәйкес, жәрдемақы екі жұмыс орнында төленеді: негізгі жұмыс орнында аптасына 18 сағат ставка бойынша, қосымша жұмыс орнында аптасына 9 сағаттан аспайтын мөлшер есептеледі.

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.