Атырау, 27 желтоқсан 16:48
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Тышқанға тұзақ құру

– Біз Яблочный өткелінде тұрамыз, ол жерде бар болғаны екі қабатты үш ескі үй бар. Үйімізде тышқан қаптап кетті, төбені кеміріп болып, басымызға құлайтынды шығарды, жер-жерде жүгіріп жүр. Біз СЭС-ке хабарластық, бірақ олар бізде ПИК жоқ болғандықтан арызымызды қабыл алған жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2014, 00:00 4 400 просмотра
Сұрақ-жауап

№13 үйдің мәселесі

– Алмагүл ықшамауданындағы №13 үйдің жертөлесі үнемі суға толады, алайда коммуникациялар апатты емес секілді. Үйге  қызмет көрсететін «А. Эпиташвили» ЖК күніне екі рет ағын суларды тартып алады, бірақ бұл қашанға дейін созылмақ? 19 желтоқсан 2013, 00:00 1 974 просмотра
Сұрақ-жауап

Мұраға қалған қарыз

– Мен жақсы араласқан көршіме біраз ақшаны қарызға берген едім. Оны жыл ішінде беретін болып келіскен едік, бірақ өкінішке орай, көршім бір ай бұрын кенеттен қайтыс болды. Пәтер мәселесін шешуге ұлы келген кезде мен оған қарызды қайтару жөнінде айтқан болатынмын. Бірақ қолхатты көрсетсем де, ол ешқандай қарыз туралы естімегенін, оны қайтармайтынын, өйткені ақша алмағанын айтты. Не істесем екен? 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 892 просмотра
Сұрақ-жауап

Басқармадан құтыла алмайды

– Көлік жүргізу куәлігін тек жол полициясы басқармасынан ғана емес, электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады деп естідім. Мен автомектептегі сабағымды аяқтап қалдым. Осы туралы толық білгім келеді. 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 110 просмотра
Сұрақ-жауап

Үй қашан беріледі?

- Мен 2001 жылы тұрғын үй кезегіне тіркелген едім. Жолдасым қайтыс болған, екі балам бар, олар да жанұялы болып, сәби сүйіп отыр. Қазіргі уақытта тұрып жатқан уақытша үйіміз бізге тарлық етуде. Маған тұрғын үй қай уақытта беріледі екен? 19 желтоқсан 2013, 00:00 4 105 просмотра
Сұрақ-жауап

Себетіңіз бос болса

– Мен жалғызбасты анамын. Сәбиімнің әкесінен ешқашан көмек алған емеспін. Оған тұрмысқа шыққан жоқпын, оның қазір қайда екенін де білмеймін. Мемлекеттен қандай да болмасын көмек, жәрдемақы, жеңілдік ала аламын ба? 12 желтоқсан 2013, 00:00 1 658 просмотра
Сұрақ-жауап

Келешектегі камералар

– 2012 жылы бізге, Жеті Қазына ықшамауданындағы №1-9 үйлерге бейнебақылау камераларын орнатуға уәде берген еді. Қалалық әкімдікке сұрау салғанымызда бізге 2013 жылдың аяғына дейін Атырау облыстық ІІД-нің №3, 5 және 9 үйлерге бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Жыл аяқталып қалды, бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің ауламызда бесқабатты 9 үй бар. Көлік өте көп, түрлі жағдайлар орын алады. Камераларды орнатуды жеделдетуге болмай ма? 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 159 просмотра
Сұрақ-жауап

Қос жаза алды

– Жақында інім жол-қозғалысы ережесін бұзып, апатқа ұрындырды. Апат нәтижесінде рөлде отырған қыз орташа ауырлықта зақым алды. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 468-1-бабы бойынша інімді жол қозғалысы ережесін бұзуда және көлік құралын пайдалануда кінәлі деп тауып, екі жылға көлік басқару құқығынан айырып, 432 750 теңге айыппұл салды. Судья өте қатал болды деп есептеймін. Тек айыппұлмен ғана шектелуге болмас па еді? Інім ешқайда жұмыс істемейді, көлікпен ол нандығын тауып отырған еді. Біз сот қаулысына қатысты жоғарғы инстанцияға шағымданбақпыз. 12 желтоқсан 2013, 00:00 2 340 просмотра
Сұрақ-жауап

Тасымал көлігі тапшы

– Біз СМП-136, Депо және Қара депо ықшамаудандарында тұрамыз. Бізден қаланың оң жақ жағалауына дейін баратын тікелей маршрут жоқ. Бұрын №15 маршрут болған еді, бірақ оны алып тастады. Ол бізге өте қолайлы болатын, өйткені маршруттар №9 және 13 мектептердің жанынан өтетін. Енді біз оң жақ жағалауға дейін басқа маршруттарға ауысып мініп, жетуге мәжбүрміз. Бұған 2 сағаттай уақыт және күн сайын бірнеше жүз теңгеден кетеді. Балалар мектепке жаяу барады. Қыс басталғанда жағдай қиындап кетеді. Таяу уақытта ықшамаудандарды қаланың оң жақ жағалауымен байланыстыратын маршрутты қалпына келтіру жоспарда бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 204 просмотра
Сұрақ-жауап

Тіліңізді көрсетіңіз

– Атырауда телефон қоңырауына ең алдымен ағылшын тілінде жауап беретін сервистік компаниялар көп. Жақында SOS емханасына қоңырау шалып едім, ол жерде автоматты түрде жауапты ағылшын тілінде береді. Бұған қатысты қазақстандық заңнамада қандай да болмасын талаптар бар ма? Заңдылықтың сақталуына кім бақылау жасайды? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 921 просмотра
Сұрақ-жауап

Қақпа алдындағы жол

– Өркен ықшамауданындағы №34 көшеге электр тарату желісінің тіреулері жүргізілген. Тіреулер көшедегі үйлердің тақ бетінен санағанда 15 метр жерде және жұп бетінде 10 метрдей жерде орналасқан. Жол қызметкерлері жол сала бастағанда, алдымен 15 метрдей бос жерді қолға алды. Бірақ әрі қарай оларға құдық кедергі келтіріп, жол тегістейтін катокты көшенің қарама қарсы бетіне бұрып жіберді. Егер солай болса, асфальт менің қақпама өте жақын салынады. Үйіме жүргізілген электр желісі мен газ құбыры асфальт астында қалмақ. Оның үстіне, немерелеріме сәт сайын көлік астында қалу қаупі төнеді. Бұл жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар ма? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 726 просмотра
Сұрақ-жауап

Ақша болса, асфальт та болады

– Біз Самал ықшамауданындағы №17 көшеде тұрамыз. Жолсызбен жүрсе, «Нұрсая бұрылысы» аялдамасына дейін тұтас бір шақырым, ал асфальтпен - одан да алыс болады. №4 маршрут «Болашақ» тұрғын үй кешеніне дейін, ал №30а маршруты әуежайға дейін барады. Олар Самалға соқпайды. Самал ықшамауданына дейін баратын маршрут қашан ашылады? Біздің ауданымызға асфальт төсеу қашан жалғасады? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 696 просмотра
Сұрақ-жауап

Үрлесем бе екен?

– Мен Теңіз кенішінде «Денхолм Жолдас» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасаймын. Күн сайын таңертең сағат 4-тен 6-ға дейін алкотестілеуден өтеміз. Бұған қарсылығым жоқ, бірақ бір рет емес, көп мәрте қолданылатын мүштіктер пайдаланылады. Әрине, оларды өңдеуден өткізеді ғой, бірақ бұл дұрыс емес деп есептеймін. Медицина қызметкерлерінен өз күдігімнің дұрыс-бұрыстығын сұраған едім, олар өзіммен бірге мүштіктерді алып кетуді ұсынды. 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 914 просмотра
Сұрақ-жауап

Тегіңізді өзгерте аласыз

– Неке тіркеу кезінде күйеуімнің тегін алған жоқпын. Ал қазір күйеуімнің тегіне жазылған сәбиіміз дүниеге келген соң, мен де тегімді ауыстырғым келеді. Енді күйеуімнің тегін ала аламын ба және ол үшін не қажет? 5 желтоқсан 2013, 00:00 1 922 просмотра
Сұрақ-жауап

Асфальт келесі жылы төселеді

- Біздер Өркен ықшамауданы (Жұмыскер-2) тұрғындарымыз, біз тұратын №34 көше әлі күнге асфальтталмаған, жақында мамандар келіп, жол салынады деп, біздерге оның картасын көрсеткен болатын, бірақ күн суытып кетті, ал асфальт төселе қойған жоқ. 28 қараша 2013, 00:00 1 955 просмотра
Сұрақ-жауап

Ең болмаса газ берсе екен!

- Біз Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғындарымыз, биыл үй салып көшіп келгенбіз. Су мен асфальтты айтпай-ақ қояйын, бізге газ қашан беріледі екен? Біздер жерімізді пайдаланбағандықтан кері қайтарып алады деп қорқып, үй салып, биыл міндетті түрде газ беріледі дегесін, пеш салмай, қазандық орнатып едік. Ал қазір күн суытып кетті, үйіміз салқын, кішкентай балаларымыз ауырып жатыр. 28 қараша 2013, 00:00 2 114 просмотра
Сұрақ-жауап

Дивидендтер болашақта болады

- 1993 жылы ата-анам АМӨЗ-дің қарапайым (артықшылық берілген емес) акцияларын сатып алды. Олар дивидендтерді тек бір-ақ рет - 1998 жылы алды. АМӨЗ ЖШС болып қайта құрылғанда, мен 30 мың төлеп, құжаттарымды кері ресімдедім. Неге 20 жыл ішінде қарапайым акциялар бойынша дивидендтер бір рет төленді? Осы акциялар бойынша дивидендтерді төлеу қашанға жоспарланып отыр? Олардың құны бар ма? 21 қараша 2013, 00:00 2 146 просмотра
Сұрақ-жауап

Жүйе осындай

– Мен басқа жүкті әйелдер секілді есепке тұрғым келген еді. Гинекологқа жолдама жазып беретін терапевт дәрігердің кезегінде 2 сағаттан астам уақыт тұрдым. Ал ол маған бар болғаны кадастрлық нөмірді ғана берді. Келесі күні гинекологқа келдім. Сағат 10.00-де кезекке тұрған кезде менің алдымда 13 әйел тұрды. Мен дәрігерге тек 3 сағаттан кейін кірдім. Әр барған сайын жұмыстан сұранып кетуге тура келеді... 14 қараша 2013, 00:00 2 300 просмотра
Сұрақ-жауап

Дәлел болу керек

– Компания басшысы бола тұра, лажсыз жағдайға тап болып отырмын. Компания қызметкерлерінің арасында біліксіз қызметкер бар. Өз жұмысын орындаса, қалай-солай ыждағатсыз атқарады, үнемі тәртіп бұзады. Өткен жылы онымен еңбек келісімшартын бұзған едім, бірақ ол өз құқығын сотта қорғап, қайта жұмысқа алынды. Дегенмен, жұмысқа қайта алынғаннан кейін оның кәсіби қабілеті керемет бола қойған жоқ. Ескерту берілсе, оны елең қылмайды. Бір жағдай бола қалса, қайтадан сотқа шағымданатынын меңзейді. Мұндай бойкүйез адамнан құтылудың еш амалы болмағаны ма? 14 қараша 2013, 00:00 3 044 просмотра
Сұрақ-жауап

Табыс болса, салық та бар

- Мен шет тілдерді оқыту курсында оқытушы болып штаттан тыс жұмыс жасаймын, жасаған нақты сағатым бойынша ғана жалақы аламын, штаттық жалақы төлемейді, алайда табыс салығы мен зейнетақылық аударымдар ұстайды. Бұған дейін штаттық қызметкер болып жұмыс жасағанмын, ал қазір штаттан тыс еңбек етемін. Шартқа әлі қол қойған жоқпын, салық төлеуден бас тарта аламын ба? 7 қараша 2013, 00:00 2 709 просмотра
Сұрақ-жауап

Өмір - Жарғы бойынша, пәтер - заң бойынша

– Мен әскери қызметкермін, биылғы жылдың желтоқсанында менің еңбек сіңірген өтілім 10 жылды құрайды. Жұбайымыз екеуміздің кәмелетке толмаған екі баламыз бар. 2 жыл бұрын қызметтік пәтер берді. Мен қазір қызметтік баспанамды жекешелендіре аламын ба? Біздің әскери бөлімшенің заңгері түсіндіргендей, заң бойынша мен мұны зейнеткерлікке шыққан кезде немесе еңбек еткеніме 20 жыл толғанда жасай алады екенмін. Осы дұрыс па? 7 қараша 2013, 00:00 2 381 просмотра