Сұрақ-жауап Қатаң режимдегі балабақша – Мектепке дейінгі мекемемен жасалған келісімшарт бойынша біз баланы балабақшадан сағат 18.00-ге дейін алуға тиіспіз. Бірақ менің жұмыс уақытым сағат 18.00-де аяқталатын болғандықтан, үнемі тәрбиешілерден сөз естимін де жүремін. Келесіде кешіксем, олар баланы күзетшімен бірге далаға қалдырып кететінін айтады. Жолдағы кептелістерді ескерсек, мен 25-30 минут кешігіп барамын. Неліктен қалалық білім бөлімі жұмыс уақытының сол мезгілде аяқталатынын ескермейді? 20 наурыз 2014, 00:00 1 943 просмотра
Сұрақ-жауап Жылу трассасын қолға алады – 2014 жылы Авангард 4-ші ықшамауданындағы №19 үйге апаратын жылу трассасындағы изоляцияны ауыстыру жоспарда бар ма? Жылу изоляциясының тозығы жеткен. 13 наурыз 2014, 00:00 1 532 просмотра
Сұрақ-жауап Демалуға барамын... - Білім беруді ұйымдастыру жүйесінде қызмет ететін логопед пен психиатриялық ұйымдарда толық жұмыс күні бойына жұмыс істейтін логопедке қосымша демалу үшін қанша күн беріледі? 13 наурыз 2014, 00:00 2 006 просмотра
Сұрақ-жауап Мекенжайсыз тұрғындар – Байжігітов көшесіндегі апатты жағдайда тұрған №76 үйдің күрелетінін-күрелмейтінін білу үшін әлденеше рет жіберілген сұранысымызға бірде-бір рет жарытымды жауап ала алмадық. Жақында ғана Бейбітшілік даңғылы бойындағы салынып жатқан көппәтерлі үйде осы үйдің тұрғындарына арнап жаңа пәтерлер бөлінетіндігі белгілі болды. Осы рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 1 744 просмотра
Сұрақ-жауап Күреу туралы құқық – Біздің үйіміз ескі баспана ретінде күрелуге кетеді. Үй тұрғындарына жаңа үйден ескі баспанадағы бөлме санына сәйкес пәтерлер ұсынуға уәде етті. Мұнда күрелуге кететін баспананың меншік иелерінің саны, сондай-ақ, әр отбасы мүшелеріне тиесілі шаршы көлем нормасы ескерілмейді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын баспанаға бір отбасынан артық қоныстандыруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, осы заңның 75-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң мөлшерінде берiледi делінген. Мәселен, екі отбасы тұратын, күрелетін екі бөлмелі үйде әрбір отбасы жеке пәтерлер алуға үміттене ала ма? Әлде екі отбасы күрелетін баспананың орнына мемлекет ұсынатын баспананың шаршы көлемінің нормасын ескере отырып, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелі пәтер алуға құқылы ма? 6 наурыз 2014, 00:00 1 948 просмотра
Сұрақ-жауап Салтанатты қозғалыс - Егер көлік Қазақстанға 2013 жылдың соңында әкелініп, тек 2014 жылдың қаңтарында ғана кедендік тексеруден өтcе, әзірге ішкі істер органдарына тіркелмеген үлкен көлемді қозғалтқышы бар автокөліктерге салық қалай есептеледі? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА 2013 жылғы 27 қараша күнгі «Автомобили» басылымына берген сұхбатында былай дейді: «Жаңа мөлшерлемелер тек 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы тіркеу рәсімдерінен өте бастаған көліктерге ғана қатысты болады. Яғни, 3 000 текше см-ден жоғары көлемі бар көлік құралдарына салынатын жаңа салық салу мөлшерлемесі Қазақстанға 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автокөліктерге салынады. Бұл енгізілген жаңалық Жол полициясы органдарына 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркелген көліктерге, олар тіпті 2014 жылы және әрі қарай кері сатылса да, қолданылмайды». Бұл жерде бір түсініксіз жайт – мәселенің анықтаушы факторы ретінде автокөліктің ҚР аумағына кіргізу күні алына ма, әлде кедендік тазарту және жол полициясы органдарына алғашқы тіркелу күні белгілене ме? 6 наурыз 2014, 00:00 1 829 просмотра
Сұрақ-жауап Наурыздан бастап қолайлы болады – Неліктен жылу және ыстық су үшін есепшоттарды интернет арқылы төлеу мүмкін болмай қалды? Электр энергиясы үшін төлей аламыз, ал жылу үшін төлей алмайтын болдық. Бұл өте қолайсыз. Өйткені банктерге немесе «Атырау Энергосату» кассаларына барып, кезекке тұруға тура келеді. 6 наурыз 2014, 00:00 1 528 просмотра
Сұрақ-жауап Қозғалтқыш қосалқы бөлшек болып табылады - Қазір автокөліктің қозғалтқышын ауыстырғанда оны тіркеудің қажеті жоқ деп естідім. Бұл рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 2 064 просмотра
Сұрақ-жауап Кезекке әсер етпейді – Мен жер телімін алу үшін кезекте тұрмын. Әжемнің үйіне тіркелген едім. Қазір әке-шешемнің үйіне тіркелуді ойлап жүрмін. Есепке тұрған жерімнің өзгеруі жер телімін алу кезегіме әсерін тигізбей ме? Кейін проблема туындамас үшін бір жерлерге белгілетуім керек пе? 6 наурыз 2014, 00:00 1 716 просмотра
Сұрақ-жауап Ештеңе жоғалмайды - Егер бұдан он жыл бұрын ресімделген пәтерді сыйға тарту шарты жоғалып кетсе, не істеу керек? Оны қалпына келтіруге бола ма? Егер біздің мәмілемізді белгілі уақыт бұрын ресімдеген нотариусқа қояр сауалдарымыз пайда болса, алайда ол қазір бұл қызметпен айналыспайтын болса, кімге барып жүгінуге болады? 27 ақпан 2014, 00:00 1 890 просмотра
Сұрақ-жауап Газбен ойнама - Биылғы жылы аяз түскенде Атырау-2 ықшам ауданындағы газ қысымы кенет төмендеп кетті. Газ жанарғысындағы жалын көрінбейді. Үй іші салқын, кейбір бөлмелердегі температура 18 градусқа дейін түсіп кетті, балалар ауырып жатыр. Неліктен газ жоқ? 27 ақпан 2014, 00:00 1 862 просмотра
Сұрақ-жауап Асфальт кейін, әуелі смета «Балауса» ықшам ауданының көшелеріне асфальт жол қашан төселеді? 20 ақпан 2014, 00:00 1 909 просмотра
Сұрақ-жауап Төлқұжат қайда кетеді? – Ұзақ уақыт бойына әлдебір себептермен алынбай қалған жеке басын куәландыратын дайын құжаттарға не болады? 20 ақпан 2014, 00:00 1 829 просмотра
Сұрақ-жауап Бекіткенімен, қызмет көрсетпейді – Біз бүкіл отбасымызбен Алмагүл ықшам ауданындағы №7 қалалық емханаға бекітілгенбіз. Мен №7 емхана қызметін пайдалану үшін мекенжайымыз бойынша тиесілі №2 емханадан есептен шығаратын талонды әдейілеп алдым. Қызым алты айлық. Педиатр дәрігер бірнеше мамандардан, соның ішінде хирургтан тексеруден өтуге кеңес берді. Емхананың тіркеу бөлімінде бізді маманның қабылдауына жазудан бас тартып, оныњ ақылы екенін – 1 200 теңге тұратынын мәлімдеді. Егер мен осы амбулаторияға тіркелген болсам және педиатрдың жолдамасы бар болса, неліктен дәрігердің тексеруі үшін төлеуім керек? 20 ақпан 2014, 00:00 1 668 просмотра
Сұрақ-жауап Заң әлі күшіне енген жоқ - Еңбек мигранттарын тіркеу жөніндегі жаңа ережелерді пайдалануды жөн көріп, мемлекеттік баж салығын төлеп, еңбек шартын жасауға көші-қон басқармасына келсек, ол жерде бізге жеке тұлғалардың мигранттарды жұмысқа тартуын анықтайтын заң күшін жойылғанын хабарлады. Бұл қалай сонда? 20 ақпан 2014, 00:00 1 675 просмотра
Сұрақ-жауап Айрықша режимдегі балабақша - Менің балам демікпе ауруымен ауырады. Жақында біз басқа қаладан жарты жылдық емдеу курсынан өтуіміз керек. Біз барып жүрген балабақшаның директоры баланың ұзақ мерзім бойы бақшаға келмеуі оны автоматты түрде орнынан айырады дейді. Бұл дұрыс па? 20 ақпан 2014, 00:00 1 591 просмотра
Сұрақ-жауап Кеңес беріп көмектеседі – Үйімнен отбасылық бөбекжай ашқым келеді. Қалалық білім бөлімі осындай мектепке дейінгі мекемелерге қандай көмек көрсетеді? 20 ақпан 2014, 00:00 1 609 просмотра
Сұрақ-жауап Бәрі де ақылы – Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар? 19 ақпан 2014, 00:00 1 737 просмотра
Сұрақ-жауап Ұстаз бен шәкірт – Пәндік мұғалім балаларымыздың бағасын төмендетеді. Бұл шамданған сезім әсері емес. Балаларымыз осы пән бойынша репетиторлардан қосымша сабақ алады. Мектеп мұғалімі шешілген мысалдарды сызып тастап, шешудің басқа нұсқасын ұсынған барлық жағдайда репетиторлар онымен үзілді-кесілді келіспейді. Мектеп директоры пән мұғалімі бүкіл мектепте біреу дегенді алға тартып, проблеманы елемегенді жөн көреді. Осы жөнінде қалалық білім беру бөлімінде кімге шағымдануға болады? Мұндай мәселелер қалай шешіледі? 13 ақпан 2014, 00:00 2 213 просмотра
Сұрақ-жауап Жарық керек - Мен жеке кәсіпкермін, Томарлы селосы маңында мал шаруашылығымен айналысамын. Мемлекеттен берілген 500 га жер телімінің бір бөлігіне тұрғын үй, қора салып едім. Енді үйіме электр энергиясын тартқым келеді. Шаруашылығымның жанынан өтетін электр торабынан үйіме желіні өз күшіммен жүргізуге дайынмын, тек энергияны тұтынғаным үшін ай сайынғы ақыны қалай төлейтінімді білгім келеді - жеке кәсіпкер ретінде ме, әлде жеке тұрғын ретінде ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 565 просмотра
Сұрақ-жауап Қате түсінген – Ұлым Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде оқиды. 3 жыл бойына біз оқу ақысын төлеп, колледжге оқу ақысын төлегендігіміз жөніндегі түбіртек көшірмелерін тапсырып отырдық. Енді диплом берер алдында колледж әкімшілігі бүкіл түбіртектің түпнұсқасын беруді талап етіп отыр. Менің бергім келмейді, өйткені олардың жоғалтып алмайтындығына және төлегендігімнің дәлелін қайтадан сұрамасына сенімді емеспін. Заңгер колледждің түбіртектің түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ екенін растап отыр. Қайтсек екен? 13 ақпан 2014, 00:00 2 041 просмотра
Сұрақ-жауап Жүйе жаңа болғанымен, жалақы бұрынғы – Е-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме ақы төлене ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 836 просмотра
Сұрақ-жауап Дерматологқа қаралыңыз – Мектептен келетін оқушы қызымның шашынан әлсін-әлі бит-сірке тауып аламын. Мектеп басшылығы хабардар, бірақ ешқандай реакция жоқ, тазалаңдар дейді. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда қайда хабарласу керек? 13 ақпан 2014, 00:00 2 689 просмотра
Сұрақ-жауап Маршрут тендерге байланысты -Мечников-Баймұханов көпірі арқылы Атырау ықшам ауданынан Балықшыға, қаланың орталығына қатынайтын автобус маршруттарын шығаруға болмай ма? 13 ақпан 2014, 00:00 1 730 просмотра
Сұрақ-жауап Медициналық тексеру қанша тұрады? – Ұлым бір айдан соң 18-ге толады. Ол кәмелетке толған жасында жүргізуші куәлігін алу үшін көлік жүргізу курсына жазылуды ұйғарды. Емханаға келіп, медициналық нысан құжаты үшін тиесілі ақысын төлеп, дәрігерлердің қабылдауына кіре бастады. Хирург ұлым 18-ге толмайынша, өзінің мөрін соғудан бас тартқан. Егер көлік жүргізу курсына 16 жастан бастап қабылдай беретін болса, оның жасының қатысы қандай? Оның үстіне ол медициналық комиссиядан куәлік алу үшін емес, әзірге курсқа жазылу үшін өтіп жатыр ғой. 13 ақпан 2014, 00:00 2 115 просмотра