Атырау, 28 желтоқсан 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жарық керек

1 565 просмотра

- Мен жеке кәсіпкермін, Томарлы селосы маңында мал шаруашылығымен айналысамын. Мемлекеттен берілген 500 га жер телімінің бір бөлігіне тұрғын үй, қора салып едім. Енді үйіме электр энергиясын тартқым келеді. Шаруашылығымның жанынан өтетін электр торабынан үйіме желіні өз күшіммен жүргізуге дайынмын, тек энергияны тұтынғаным үшін ай сайынғы ақыны қалай төлейтінімді білгім келеді - жеке кәсіпкер ретінде ме, әлде жеке тұрғын ретінде ме?

Телефон арқылы

Сұраққа «Атырау ЭнергоСату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА жауап берді:

- Тұтынушыларды электрмен жабдықтау электр энергиясын жеткізу туралы Шарт негізінде іске асырылады. Өз кезегінде электрмен жабдықтау туралы Шарт жасау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес электр энергиясын тұтынушыға шарт алды (техникалық және құқық белгілеуші) құжаттарының белгілі пакетін ұсынуы қажет. Көрсетілген жағдайда тарифті айқындау тұтынушының атағына тіркелген ЖТҚ немесе шаруашылық қожалығын жүргізу үшін жер учаскесінің бар-жоғына тікелей байланысты. Заңмен тұтынушылардың әр тобына қатысты тарифтер анық көрсетілген:

- электр энергиясын тауарлар өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету үшін қолданатындар;

- электр энергиясын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен кері өңдеу үшін қолданатындар;

- электр энергиясын жарыққа және тауарларды өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсетулермен байланысты емес қажеттіліктер үшін қолданатындар.

Сөйтіп жоғарыда аталған құжаттарды табыстамайынша, сұрақта келтірілген уәждерді тексеру мүмкін емес.

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.