– Е-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме ақы төлене ме?
azh.kz сайтынан
Бізге облыстық білім беру басқармасының есеп бөлімінен хабарлағандай, e-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу туралы ешқандай ереже жоқ. Қазіргі кезде бұл жүйе республиканың 517 мектебінде сыналуда. Атырау облысында e-learning жүйесі 54 мектепке (өңірде барлығы 196 мектеп), соның ішінде Кіші өнер академиясына енгізілуде. Кіші өнер академиясы директорының орынбасары Зоя ЗАКИЕВАНЫҢ пікірінше, жоба мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұғалімдер Алматыдан жаңа компьютерлік бағдарламаны қолдануды үйреніп, оқып келген. Олар электронды журналдарды толтырады, ондағы мәліметтер автоматты түрде оқушылардың электронды күнделіктеріне түседі. Бұл - пилотты жоба. Жүйе әлі жетілдірілуде.
В Атырау +4