- Қазір автокөліктің қозғалтқышын ауыстырғанда оны тіркеудің қажеті жоқ деп естідім. Бұл рас па?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан өткізу бөлімінің бастығы Мейірәлі БАЙМҰХАНОВ жауап берді:
-Үкіметтің 2013 жылғы 26 тамыздағы №851 «Көлік құралдары түрлерін көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлері бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке қою ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, көлік құралдарын тіркеу куәлігіне кіретін нөмірлі агрегаттарға көлік құралының шанағы, шасси, жақтауы, кабинасы кіреді. Сәйкесінше, қозғалтқыштың нөмірі көлік құралдарын тіркеу куәлігі деректерінен алынып тасталды. Осылайша, қазіргі уақытта автокөлік құралдарының қозғалтқышы қосалқы бөлшек болып табылады және оны ауыстырғанда техпаспортқа өзгеріс енгізу қажет емес.