Атырау, 28 желтоқсан 08:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Қайтарымы бар сыйлық

- Менің қарындасым жұбайы екеуі пәтер жалдап тұрады, олардың өз үйлері жоқ. Күйеуінің тұрақты жұмысы жоқ, негізінен қарындасымның жалақысына күн көріп отыр. Мен оған пәтер сыйлағым келеді, алайда қарындасыма бір нәрсе болып қалса, жұбайына мұрагерлікке қалуын қаламаймын. Осыған жол бермейтіндей етіп пәтерді ресімдеуге бола ма? 7 қараша 2013, 00:00 1 935 просмотра
Сұрақ-жауап

Алдымен үй, акт содан соң

– Қалалық әкімдікте жер пайдалануға мемлекеттік акт бойынша мәселелер неліктен ұзақ шешіледі? Мен қалалық жер бөліміне жер актісін 2013 жылдың 23 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтініш жазған едім. Дайындау уақыты талонда 2013 жылдың 4 наурызы деп көрсетілген. Акт әлі күнге дейін дайын емес. Біз үй салуды жоспарлап отырмыз, үйдің іргетасын құйып қойдық. Бірақ жер телімінде уақытша баспана тұрғызылғандықтан, тұрақты актіні ресімдей алмаймыз. Тек уақытша акт қана бар, ол 2 жылға беріледі. Бірақ біз өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге қарай салып жатырмыз. Ал БТИ-дағылар уақытша баспананы тұрғын үй деп есептеп, тұрақты мемлекеттік актіні ресімдеуге болатынын, алайда қайта ресімдеу кезінде проблема туындап, олар енді құжаттарды өзгерте алмайтындықтарын айтты. 31 қазан 2013, 00:00 5 139 просмотра
Сұрақ-жауап

Кемшілігі бар мұрагер

– Жасым 64-те, зейнеткермін. Ұлыммен, келініммен және немерелеріммен бірге кезінде мемлекеттен алған үш бөлмелі пәтерде тұрамын. Биылғы жылдың ақпанында ұлыма сыйға тарту құжатын ресімдедім. Бастапқыда бәрі де жақсы болатын, бірақ 4 айдан бері ұлым өзгеріп шыға келді. Үйге үнемі ішіп келіп, ұрыс-керіс шығарып, әйелімен арадағы проблемаға мені кінәлайтын болды. Ең бастысы, басқа қалада отбасымен бірге тұратын қызыма көшіп баруға меңзейтін болды. Жақында ол мені ұрып-соғып, құжаттарды тартып алды. Мен милицияға шағымдандым. Оны 5 тәулікке қамауға алған еді, бірақ одан сайын жаман боп кетті. Енді ол үйден қуып жіберемін немесе қарттар үйіне апарып тастаймын деп ашықтан-ашық қоқан-лоққы көрсететін болды. Сыйға тарту шартын жоя аламын ба? 31 қазан 2013, 00:00 2 140 просмотра
Сұрақ-жауап

Кері жол жоқ

– Анамыз қайтыс болғаннан кейін пәтері қалған еді. Біз оны онымен бірге тұрған ініміздің атына ресімдегіміз келеді. Мұны қалай жасауға болады? – 2003 жылы күйеуіме әкесінен мұраға пәтер қалған болатын. Күйеуімнен басқа тағы мұрагерлері болды. Анасы мен әпкесі пәтердің отбасындағы жалғыз ұлға тиесілі болуына қарсы болмай, күйеуімнің пайдасына өз үлестерінен бас тартқан болатын. Енем 2011 жылға дейін  осы пәтерде бізбен бірге, күйеуімнің әпкесі өз отбасымен бөлек тұрды. Содан кейін енем  қызына көшіп баруды ұйғарды. Қазір біз пәтерімізді сатып, жаңа үй алуды немесе салуды шешкен едік. Бірақ күйеуімнің анасы мен әпкесі қарсы болып отыр. Олар өздеріне үлестерін төлеуді талап етіп, сот арқылы мұрадан бас тарту шешімін жоямыз деп қоқан-лоққы танытып отыр. Олар бұлай жасай ала ма? 31 қазан 2013, 00:00 2 273 просмотра
Сұрақ-жауап

Мердігерлер уәдесінде тұрмады

– Алмагүл ықшамауданындағы үйлердің цокольді қабаттарын балаларға арналған шағын орталықтар етіп қайта жарақтау жоспарланған еді.  Бірақ қазір терезелері қирап, жылу тұрбаларының қатып қалу қаупі төніп тұр. Бұдан басқа, алақол тұрғындар ол жерге қоқыстар тастайды, ал бомждар от жағады. Біздің ықшамаудандағы цокольді қабаттардың тағдыры қашан шешіледі? Цокольдерді балалардың шағын орталықтарына қайта жарақтаумен айналысқан мердігерлерге не болды? 24 қазан 2013, 00:00 1 836 просмотра
Сұрақ-жауап

Есікке қысылып қалмаңыз!

- Балам СТГ-де бастауыш сыныпта оқиды. Сабақ аяқталғаннан кейін гимназия іші азан-қазан болады: бірінші ауысымдағы бүлдіршіндерді жоғары сынып оқушылары таптап тастайды деуге болады. Өйткені кіретін есіктер ешқашан толық ашылмайды. Балаларға сөмкелерімен тар есік қуысынан сығылысып өтуге тура келеді. Балаларға анағұрлым ұқыпты қарау үшін мектеп басшылығына қалай ықпал етуге болады? 24 қазан 2013, 00:00 1 813 просмотра
Сұрақ-жауап

Ең болмаса, жарық берсе екен

- Біздер Водников-2 ықшам ауданына ауыз су, электр жарығы, көгілдір отынның қашан қосылатыны және асфальт жолдың қашан төселетіндігі туралы білгіміз келеді. Жол бойына электр трансформаторы былтыр орнатылған еді, бірақ жарық әлі күнге берілген жоқ. Ал ауыз суды үйдегі бар ыдыстарға 3500-4000 теңгеге толтырып аламыз. Қыс болса, жақындап қалды, біз енді не істейміз, қайда барамыз? 24 қазан 2013, 00:00 2 981 просмотра
Сұрақ-жауап

Таксистке заң жазылмаған

– Стихиялы тұрақжайға қатысты қаламыз үшін өте өзекті мәселені көтергім келеді. Таксистер жол қозғалысы ережелеріне қарамастан, көліктерін қиылыстарға, автобус аялдамаларына, аулаларға жақын жерге қояды. Бұл апатты жағдайларға жиі себеп боп жатады. Таксистерге басқа жүргізушілер, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиі ескерту жасайды, бірақ олар елең қылмайды. 17 қазан 2013, 00:00 2 552 просмотра
Сұрақ-жауап

Белгіні жасыруға болмайды

– Көліктің мемлекеттік нөмірін тесуге бола ма? Бұрын рұқсат етілетін. Ал қазір мемлекеттік нөмірді бекіту үшін базардан нөмір орнатқыш алу керек. Олардың сапасы нашар болғандықтан мемлекеттік нөмірді жоғалтып алуға болады. Бұл жағдайда мемлекеттік нөмірдің дубликатын алу үшін ЖПБ-на баруға тура келеді. 17 қазан 2013, 00:00 2 092 просмотра
Сұрақ-жауап

Дәрумендерге тыйым бар

– Жаз келген кезде қаланың барлық ауданында сауда дүкендері және көкөністер мен жемістер сататын ашық жаймалар пайда болады. Сатушылар – еліміздің оңтүстік өңірлерінен және таяу шетелден келгендер. Бағаны саудагерлердің өздері белгілейді. Мәселен, Авангардтағы соңғы аялдамада 1 келі жүзім 350 теңге тұрады, ал облыстық ауруханадан сәл әрі орналасқан жерде оны  («Медицина» және «На Гурьевской» АҚ дәріханаларының маңында) 400 теңгеден, облыстық аурухананың қасында 450-500 теңгеден сатады. Сауда жасауға оларға кім рұқсат береді және осындай сауда нүктелерінің қызметіне қалалық кәсіпкерлік және сауда бөлімі тарапынан сатушыларда санитарлық кітапшалардың бар-жоғына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына бақылау жасала ма? 17 қазан 2013, 00:00 2 732 просмотра
Сұрақ-жауап

Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады

- Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін. 17 қазан 2013, 00:00 2 953 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысының ережелері

– Біз облыстағы кеніштердің бірінде жұмыс жасаймыз. Бұрын алғашқы еңбек демалысы бізге 12 ай өткеннен кейін берілетін. Одан кейінгі демалыстарымызды демалыс кестесіне сәйкес толықтай көлемде, яғни, 28 күнтізбелік күнді (24 күн + зиянды жұмыс жағдайы үшін қосымша 4 күн) алатын едік... 3 қазан 2013, 00:00 6 762 просмотра
Сұрақ-жауап

Мазасыз өткен күндер

– Менің туысым 20 жылдан астам уақытын соттың үкімі бойынша психиатриялық емханада өткізді. Оны Атырауда да, Алматыда да емдеді. Бірақ оның психикалық ауытқушылығы емделетін сырқат. Бір жыл бұрын оны емханадан шығарған еді, енді ол қазір өз анасымен бірге тұрады. Ол өзін өте қалыптан тыс ұстайды. Біздегі жүйке-неврологиялық диспансер оны емдеуге қабылдайды, бірақ бір айдан кейін қайта шығарып жібереді. 3 қазан 2013, 00:00 1 999 просмотра
Сұрақ-жауап

Несие шырғалаңы

– 2007 жылы банктердің бірінен 2024 жылға дейінгі мерзімге жер телімі бар тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңге несие алғанмын. Банкке кепілзат ретінде алып жатқан жер телімі бар тұрғын үйді салдық. Бастапқы кезде несиені кесте бойынша уақытында төлеп тұрдым. Бірақ содан кейін декреттік демалысқа шығуыма және күйеуімнің науқасына байланысты несиені уақытында төлей алмадым. Уақытында төлей алмау себебім туралы банкке жазбаша түрде хабардар еткен едім. Жақында банктің мені сотқа бергендігі туралы хабарлама келді... 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 441 просмотра
Сұрақ-жауап

Салықтың ауыр жүгі

– Өткен жылы алаңы 0,9 га болатын өзімнің жер телімім үшін 180 теңге сомасында салық төледім. Биыл салық басқармасынан осы телім үшін 7 мың теңгеден астам сомада жер салығын төлеуім қажеттігі туралы хабарлама келді. Салықты төледім, бірақ бір жыл ішінде оның сомасы неліктен өте көбейіп кеткенін білгім келеді. Егер салық басқармасының қызметкерлері хабарлама дайындаған кезде қателік жіберген болса, ал салық сомасы іс жүзінде аз болса, мен айырмашылық сомасын қайтара аламын ба? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 353 просмотра
Сұрақ-жауап

Жаңа есептегіш әзір болмайды

– Жақында «АтырауЭнергоСату» ЖШС бақылаушылары бізге есептегішіміздің жарамсыз екенін, дискінің жәй жүретіндігі байқалатынын айтты. Толтырылған актіге олар есептегіш аспаптың, атап айтқанда СОИБМЗ-2003 аспабының бекітілген мемлекеттік өлшем құралдарының тізіліміне енгізілмегенін жазып, бізді 10 күн ішінде ауыстыруға міндеттеді. Есептегіш аспаптың көп жыл жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, енді аяқ астынан оның мемлекеттік тізілімге енбей қалғаны анықталғаны қалай? Ендеше ол қалай орнатылған және бақылаушылар оны қалай есепке алған? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 447 просмотра
Сақ болыңыз, велосипедшілер! Сұрақ-жауап

Сақ болыңыз, велосипедшілер!

– Бізде қалада велосипедшілер көбейіп кеткен. Мен бұл көлік түріне мүлдем қарсы емеспін, бірақ велосипедшілер қолайсыздық қана емес, балалар мен ересектер үшін үлкен қауіп тудырады. «Ағила» сауда үйінің, Смағұлов атындағы аллеяның, орталық көпірден бастап Жилгородокқа дейінгі жағалау маңдары ересектердің және балалардың денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіпті аймаққа айналған. Бұл әсірелеу емес. Велосипедшінің бір әйел адамды сәбиімен қағып кеткенін, ол әйелді ессіз күйде жедел жәрдемнің алып кеткенін білемін... Жаяу жүргіншілер аймағында велосипедшілердің жаппай жүруі жол қозғалысы ережесін бұзу боп табылады. Бірақ бұған ешкім мән бермейді. Неге белгілер қойып, жағдайға бақылау жасап, ереже бұзушыларға айыппұл салмайды, тіпті ереже бұзушылардың көліктерін тәркілемейді? 5 қыркүйек 2013, 00:00 3 087 просмотра
Сұрақ-жауап

Білімге құштарлық

- Мен APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) оқу орнында студенттер толық жинақталмағанын естіп таң қалдым. Өйткені інім Берік Ж. өткен маусымда бірнеше рет түсу емтихандарын тапсырып, өкінішке орай, өте алмай қалды. Осы жылғы емтихандарға да ұқыпты дайындалды – ағылшын тілін үйрету курсына қатысты. Алайда оған емтихандарды кері тапсыруға болмайды деп, сынаққа жібермей қойды. Бұл жағдайдан шығар жол бар ма екен? Інімнің осы APEC Petrotechnic-те оқуға деген құштарлығы күшті. 29 тамыз 2013, 00:00 2 641 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеңілдіктер аймағында

- 1979 және 1981 жылдар аралығында мен ядролық сынақтар өткізілген Семей облысы Аягөз қаласында мерзімдік әскери қызметімді атқардым. Менің қолымда қатерлі аймақта болғанымды растайтын құжат бар. 2005 жылы қалалық жұмыспен қамту бөлімі мені ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен адам ретінде тізімге тіркеді. Шамадан тыс радиациялық қатер аймағында бірнеше жыл мерзімдік әскери қызмет атқарғаным үшін маған жыл сайын қосымша 10 күндік демалыс беріле ме? Соңғы үш жылда жұмыс берушім маған мұны беруден бас тартып жүр. Егер демалыс берілетін болса, маған оны қалай өтейді? Ядролық сынақтан зардап шеккендерге тағы басқа қандай жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер бар? 29 тамыз 2013, 00:00 2 286 просмотра
Сұрақ-жауап

Үш жылға дейін жүре бер

- Шілденің аяғында автосалоннан 2013 жылы шыққан автокөлік сатып алдым. Техпаспорт, мемлекеттік нөмір алдым, сақтандыру бетшесін ресімдедім, 2013-тің соңына дейін көлік салығын да төлеп қойдым. Биыл техникалық байқаудан өтуім керек пе? Егер керек болса, қанша мерзімге? 29 тамыз 2013, 00:00 2 198 просмотра
Сұрақ-жауап

Орныңды білу керек

- Менің үйімнің маңында тұрған, қыздырылмаған автокөлік ішінде достарыммен алкогольдік ішімдіктер ішуге құқым бар ма? Сонымен қатар, полиция қызметкері маған көліктен шық деп бұйырып, құжаттарымды тексеруге, хаттама толтырып, жауапкершілікке тартуға құқылы ма? 29 тамыз 2013, 00:00 4 098 просмотра