Атырау, 28 желтоқсан 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сұрақ-жауап

Кішіге орын бер Сұрақ-жауап

Кішіге орын бер

– Жақында балабақша әкімшілігі біздің балаларымыз балабақшаға тек 31 мамырға дейін бара алатынын, ал содан кейін олар түлектер болғандықтан оларды балабақшаға апаруға құқығымыз жоқ екендігін ескертті. Алайда алдымыз жаз, алты жасар баланы күні бойына үйде жалғыз қалдыруға қорқамыз. Балабақша әкімшілігінің талаптары заңды ма? 2 мамыр 2013, 00:00 2 307 просмотра
Тыйымның көмегі бар Сұрақ-жауап

Тыйымның көмегі бар

– Күйеуім екеуміз ажырасқалы жатырмыз. Бүкіл мүлік күйеуімнің атына ресімделген. Ол менің келісімімсіз пәтерді немесе көлікті сатып жібере ме деп алаңдаймын. Өйткені келісімшарт жасау кезінде нотариустың отбасылық жағдайы туралы сұрағына ол ешкіммен некеде жоқпын деп жауап беруі мүмкін ғой. Нотариустар келісімшарттар жасағанда ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі қажет болса, азаматтардың отбасылық жағдайын қалай тексере алады? 18 сәуір 2013, 00:00 2 670 просмотра
Сұрақ-жауап

Қашықтан көрсетілетін қызмет

– Менің марқұм күйеуім «Республика» зейнетақы қорының салымшысы болған еді. Тиесілі жарты жыл өткен соң, мұрагерлік құқығым бойынша оның зейнетақы жарналарын өзіме қайта ресімдеу үшін барған едім. Бірақ Атырау филиалының есігі тарс жабық екен және ешқандай ақпарат жазылмаған. Біз ғаламтор бетінде көрсетілген барлық телефон нөмірлеріне қоңырау шалдық. Бірақ еш жерді ала алмай отырмыз. Не болғанын білгіміз келеді. Енді не істейміз? 18 сәуір 2013, 00:00 1 805 просмотра
Сұрақ-жауап

Тасада қалған барақ үй

- Біз 1947 жылы салынған қамыс үйде тұрып жатырмыз. Бізде газ да, кәріз жүйесі де, қоқыс тастайтын контейнерлер де жоқ. Биыл су жүріп, тұрғындар мәре-сәре болды. Қыста мен үйімді электр радиаторларымен жылытамын, сондықтан ай сайын электр энергиясы үшін көп ақша төлеймін. Мұнда 10 үй бар. Бізге ең болмаса, қалалық әкімдік үйді күрделі жөндеуге немесе тұрғындарды көпқабатты тұрғын үйлерге орналастыруға түрткі болса екен. 18 сәуір 2013, 00:00 2 753 просмотра
Сұрақ-жауап

Әзірге жоба ғана

– Балауса поселкесінде (жаңа Ракуша) жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері 2007 жылы берілген еді.  Үй қожайындарының барлығы дерлік үйлерін салып, газ, электр энергиясын, су мен телефон желілерін жүргізіп алды. Ал асфальтталған жол әлі жоқ. Жолды қашан салады? 11 сәуір 2013, 00:00 1 621 просмотра
Екпені қатар салуға рұқсат бар Сұрақ-жауап

Екпені қатар салуға рұқсат бар

– Қызым «митральды клапанның тозу өзгерістерінің типі бойынша туа бітті ауытқуы, 2-дәрежелі митральдық жетіспеушілік ФКСН-1» деген диагнозбен кардиологтың есебінде тұр. 14 наурызда мектепте ата-аналарға еш ескертпестен және хабарламастан (біз диагноз жазылған үзінді көшірмесін мектеп әкімшілігіне ұсынған едік), оған АДС екпесі мен қызылшаға қарсы қайталама вакцина егіпті. 16 наурызда қызым ауырып қалды. Осыған байланысты мына сұрақтарды қойғым келіп отыр: мектептегі медбике мектеп әкімшілігі немесе сынып жетекшілері арқылы алдын ала екпе салатындықтары туралы ата-аналарға хабарлауға міндетті ме? 11 сәуір 2013, 00:00 3 112 просмотра
Оқу курсынан өтуде Сұрақ-жауап

Оқу курсынан өтуде

– Баламның жүрегіне УДЗ (УЗИ) жасауға кеңес берген еді. Алмагүл ықшамауданындағы балалар емханасында жүректі УЗИ-ге түсірмейді, балалар кардиологы бір айдан бері жоқ екен. Облыстық ауруханаға бір ай бұрын жазылып қояды. Не істесем екен? 11 сәуір 2013, 00:00 4 077 просмотра
Арыз қайтарылады Сұрақ-жауап

Арыз қайтарылады

– Мен өз еркіммен жұмыстан шығу туралы өтініш жазып, бір ай бұрын директорға ескертіп қойған едім. Бірақ бірнеше күннен кейін  бұл ойымнан айнып қалдым. Қалайша бұрынғы орнымда жұмысқа қалуға және бұл жағдайдан шығуға болады? 4 сәуір 2013, 00:00 4 364 просмотра
Жұмыстан босатуыңызды сұраймын! Сұрақ-жауап

Жұмыстан босатуыңызды сұраймын!

– Менің жұмыстан шыққым келеді. Мұны қалай сауатты жасауға болады? Менің әріптесім өз қалауымен кету туралы өтініш берген еді. Бір айдан кейін кадрлар бөліміндегілер ешқандай өтініштің болмағанын айтыпты. Осының салдарынан проблема туындады. Өйткені ол белгіленген күні жаңа жұмысына шығуға тиіс болатын. 4 сәуір 2013, 00:00 50 477 просмотра
Сұрақ-жауап

Бағдаршам бақылауға алынған

–Әлиев көшесінің бойындағы қиылыста бағдаршамдар ішінара жұмыс істейді. Барлық жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршамдардың барлығы дерлік істен шыққан - осылай тұрғанына бірнеше ай болды. Неліктен оларды жөндемейді? 4 сәуір 2013, 00:00 2 257 просмотра
Ерекше режимдегі көше Сұрақ-жауап

Ерекше режимдегі көше

– Күн жылынған мезгілде Досмұхамедов көшесінің бойындағы 93-үйіміздің ауласына сол маңдағы жастардың бәрі жиналады. Тұрғындардың ескертпелеріне құлақ аспастан, шулап, ауыздарына келгенді айтып, ішімдік ішеді. Биыл сыртқы бақылау камераларын Досмұхамедов, 93 мекен-жайының бойындағы жолға орнату жергілікті биліктің жоспарында бар ма? Камералардың болуы ауданымыздағы жағдайға ықпалын тигізер еді деп есептейміз. 4 сәуір 2013, 00:00 1 731 просмотра
Себет қарын тойдырмайды Сұрақ-жауап

Себет қарын тойдырмайды

– Мен ІІ топ мүгедегімін, жәрдемақы аламын. Әйелім айына 35 мың теңге жалақы табады. Біздің кәмелетке толмаған екі баламыз бар. Бұл ақшаға балаларды өсіру өте қиын. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылымыз ба? 28 наурыз 2013, 00:00 2 550 просмотра
Сұрақ-жауап

Ынталандыру және жазалау

– Біз ірі кәсіпорында жұмыс істейміз. Еңбекақымыз белгіленген жалақымен және ай сайынғы еңбекке қатысу коэффициентімен (КТУ) төленеді. Жалақымыз көп емес, бірақ КТУ-дың арқасында көбірек табыс табуға болады. Кәсіпорнымызда орын алған өрт оқиғасынан кейін басшылық жіберілген ұқыпсыздық үшін жаза ретінде бізді КТУ-дан айыратынын мәлімдеді. Сөйтіп біз тек айлық жалақымызды ғана алдық. Бірақ біршама уақыт өтсе де, КТУ есептемейтін болды. Бізді жазалайтын себептер табыла берді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің әрекеті қаншалықты заңды? Оның өз қалауынша жұмысшыларын үстеме ақыдан айыруға қақысы бар ма? 28 наурыз 2013, 00:00 3 559 просмотра
«Лифт істеп тұр ма?» Сұрақ-жауап

«Лифт істеп тұр ма?»

– Мен көп уақыттан бері ауыз су жеткізумен айналысатын Waterlife компаниясының тұтынушысымын. Бүгінгі күнге дейін қиындық туындамай, суды уақытында жеткізетін. Бірақ соңғы кездері курьерлер жоғарғы қабаттарға көтерілуден бас тартатын болған. Біз 10-қабатта тұрамыз. Ал, өкінішке орай, лифт бірде жасаса, бірде жасамай қалады... 28 наурыз 2013, 00:00 2 090 просмотра
Сұрақ-жауап

Парызыңды ұмытпа!

– Біз ұлым екеуміз марқұм күйеуімнен қалған пәтерге тіркелгенбіз. Пәтер қожайыны – менмін. Ұлым жұмыс жасайды, бірақ пәтер төлемақысын төлемейді. Ұлымды пәтерден есептен шығаруға құқылымын ба және зейнеткерлік жасқа жетпесем де, ол маған көмектесуге міндетті ме? 28 наурыз 2013, 00:00 1 960 просмотра
Сұрақ-жауап

Есірткіге жол жоқ!

– Өткен жылдың аяғында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мейрамханалар мен түнгі клубтарға жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіні пайдаланатын немесе сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Операция айқай-шумен, автоматтармен, «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жастар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды... 28 наурыз 2013, 00:00 3 147 просмотра
Сұрақ-жауап

Мектепте оқуға ата-анасының қолхаты керек

«Менің 7 жасар қызым 1-типті (инсулинге тәуелді) қант диабетіне шалдыққан. Ол - І топ мүгедегі. Мемлекеттен айына барлығын қосқанда 38 мың теңге көмек аламыз. Мәселе мынада болып отыр: қандағы қант деңгейін әрбір екі сағат сайын, яғни күніне 8 рет өлшеп, 5 рет дәрі егу керектігі ұсынылған. Яғни, біз айына тест-жолақтың 2,5 орамасын (бір орамада 100 дана бар) және шприц-қалам үшін 150 ине (бір орамада 100 ине болады, бір қораптың құны – 3000 теңге) пайдаланамыз. 21 наурыз 2013, 00:00 16 404 просмотра
Сұрақ-жауап

Кім төреші?

- Көшеде темекі тұқылын қоқыс жәшігіне емес, жерге тастағаным үшін бір тәулікке қамап тастаған еді. Полиция қызметкерлерінің өздерінің темекі тұқылдары мен шемішке қабығын лақтыратынын байқадым. Заң бәріне бірдей ғой. Менде полицейдің өзінің тұқылды лақтырып жатқан сәті түсірілген фотосурет бар. Қайда хабарласуға болады? 21 наурыз 2013, 00:00 1 824 просмотра
Сұрақ-жауап

Қолдан келгенше көмек береді

– Мен жалғызбасты зейнеткермін. Көршім де жалғызбасты зейнеткер. Ол тұрғын үй жәрдемақысын алады екен, маған да жәрдемақы ресімдеуге құжаттар тапсыруға кеңес беріп отыр. Менің білуімше, құжаттарды жылу беру маусымы басталар алдында ресімдеген жақсы екен. Бірақ қазір де кеш емес шығар? Қайда хабарласып, қандай құжаттар ұсыну керек? 14 наурыз 2013, 00:00 2 802 просмотра