Атырау, 13 қараша 10:02
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Қолдан келгенше көмек береді

2 767 просмотра

– Мен жалғызбасты зейнеткермін. Көршім де жалғызбасты зейнеткер. Ол тұрғын үй жәрдемақысын алады екен, маған да жәрдемақы ресімдеуге құжаттар тапсыруға кеңес беріп отыр. Менің білуімше, құжаттарды жылу беру маусымы басталар алдында ресімдеген жақсы екен. Бірақ қазір де кеш емес шығар? Қайда хабарласып, қандай құжаттар ұсыну керек?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдер секторы меңгерушісі Райхан САЛАМАТОВА жауап берді:

– Тұрғын үй жәрдемақысы азаматтардың бірнеше санаттарына: жалғызбасты зейнеткерлерге, жұмыспен қамту бөлімінің есебінде тұрған жұмыссыздарға, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ студенттер мен оқушыларға, І, ІІ және ІІІ топ мүгедектеріне, 80-нен жоғары жастағы егде жандарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тиесілі.

Баспананы ұстауға және коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация қызметтерін тұтынуға төленетін шекті рұқсат етілген шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының6 пайызы мөлшерінде белгіленген.

Мәселен, егер үш адамнан тұратын отбасының жиынтық табысы 48 254 теңгені құраса, онда оның 6%-ы 2 895,24 теңге болады, бұл сома 3-ке көбейтіледі (өйткені сома тоқсанға есептеледі) = 8 685, 72 теңге. Айталық, коммуналдық қызмет үшін төлем 21 362 теңге құрайды. Осы сомадан 8 685,72 теңге алынады. Осылайша, жәрдемақы мөлшері 12 676,28 теңгені құрайды.

Жалғызбасты зейнеткер үшін 18 шаршы метрге есептеліп отырғанын атап өткен жөн. Егер тұрғын үй жәрдемақысын алушының пәтері екі немесе үш бөлмелі болса, онда 36 шаршы метр есепке алынады. Мәселен, зейнеткерде алаңы 54 шаршы метр екі бөлмелі пәтер болса, онда тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде «жылуға арналған» бағанда 36 шаршы метрдің төлем сомасы салынатын болады.

Айтпақшы, соңғы жылдары республикалық бюджеттен терможаңғыртудан өткен үйлерде тұратын тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақысы төленіп жүр. 2012 жылы Атырауда жалпы сомасы 200 мың теңге болатын осындай көмек 18 отбасына көрсетілген. Өткен жылы барлығы 248 отбасы жалпы сомасы 3 млн 899 мың теңгеге тұрғын үй жәрдемақысын алған.

Тұрғын үй жәрдемақысын алу құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығына әкелу керек. Сол жерден белгіленген үлгіде тұрғын үй жәрдемақысын алу өтінішін толтырады. Өтінішке өтініш берушінің жеке бас куәлігін, СТН, бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің құжаттарының көшірмесін, тұрғын үйге ие болу құжаттарының көшірмесін, үй жоспарының көшірмесін, үй кітабының көшірмесін, соңғы тоқсандағы отбасы табысы туралы анықтаманы, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникациялар қызметінің есепшоттарын, осы қызметтерді көрсету келісімшарттарын, №1 анықтаманы (жылжымайтын мүлігінің бар екендігі туралы); тезтікпені (скоросшиватель) тіркеу керек. Терможаңғырту жүргізілген үйлердің тұрғындары, сонымен қатар, үйді күрделі жөндеу жүргізуге мақсаттық жарна мөлшері туралы есепшотты, жауапты тұлғаның қолы мен мөрі басылған шығындар сметасының негізінде күрделі жөндеуге төленетін ай сайын жарналардың мөлшері туралы есепшотты жалғау керек. Біреуден артық баспанасы барларға немесе баспанасын жалға бергендерге тұрғын үй жәрдемақысы тиесілі емес.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.