–Әлиев көшесінің бойындағы қиылыста бағдаршамдар ішінара жұмыс істейді. Барлық жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршамдардың барлығы дерлік істен шыққан - осылай тұрғанына бірнеше ай болды. Неліктен оларды жөндемейді?
Телефон арқылы
– Біз ауқымды жөндеу жұмыстарын бастадық, күні кеше ғана Владимирский көшесінің бойындағы жаяу жүргінші өткеліндегі жарамсыз үш бағдаршам іске қосылды. Әлиев көшесінің бойындағы жұмыстар басталды, - деп жауап берді дүйсенбі күні «Атыраудорзнак» ЖШС директоры Николай БЕЛКИН. – Аптаның аяғына дейін жүргінші өткелдеріндегі барлық ақаулы 9 бағдаршам іске қосылатын болады. Әлиев бойында жол-көлік оқиғасы жиі орын алады, соның салдарынан бағдаршам контроллерлары ажыратылып қалады. Екіншіден, қызмет көрсетуді қаржыландыруға байланысты іркілістер орын алды. Бірақ жақында ТКШ-мен келісімшарт жасалды. Бағдаршамдар мен жол белгілеріне үзіліссіз қызмет көрсетуге жыл аяғына дейін 30 млн теңгедей қаржы бөлінді. Яғни, енді жұмыс тұрақталатын болады. Бағдаршам істен шықса, біз оны дереу жөндеуге кірісе аламыз. Ақаулық анықталған жағдайда бірден 45-41-92 нөміріне қоңырау шалуды өтінемін. Кез келген қоңырау өтінім ретінде қаралатын болады.