Атырау, 27 сәуір 05:18
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Арыз қайтарылады

4 004 просмотра

– Мен өз еркіммен жұмыстан шығу туралы өтініш жазып, бір ай бұрын директорға ескертіп қойған едім. Бірақ бірнеше күннен кейін  бұл ойымнан айнып қалдым. Қалайша бұрынғы орнымда жұмысқа қалуға және бұл жағдайдан шығуға болады?

azh.kz сайтынан

Сұраққа заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап берді:

– Қызметкердің бастамасымен еңбек келісімшартын бұзудың жалпы тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 57-бабымен реттеледі. Сонымен, 57-баптың 4-тармағына сәйкес, қызметкер өзінің жұмыстан кету туралы арызын 57-баптың 1-тармағында көрсетілген ескерту мерзімі (бір ай) ішінде қайтарып алуға құқылы. Қызметкер, тіпті жұмыс берушінің келісімшартты бұзу туралы бұйрығы шықса да, жазбаша түрде еңбек келісімшартын бұзу туралы өтінішін қайтарып алуы тиіс. Тиісінше, жұмыс беруші қызметкерінен арызын кері алу туралы өтінішін алғаннан кейін, сол өтінішті қабылдауға және еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрығының күшін жоюға міндетті.

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.