– Балауса поселкесінде (жаңа Ракуша) жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдері 2007 жылы берілген еді. Үй қожайындарының барлығы дерлік үйлерін салып, газ, электр энергиясын, су мен телефон желілерін жүргізіп алды. Ал асфальтталған жол әлі жоқ. Жолды қашан салады?
Ермек
Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, биыл Балауса поселкесінде жол салу жоспарланбаған. 2013 жылы әзірге тек жобалау-сметалық құжатты дайындауға ғана қаржы бөлінген.