- Біз 1947 жылы салынған қамыс үйде тұрып жатырмыз. Бізде газ да, кәріз жүйесі де, қоқыс тастайтын контейнерлер де жоқ. Биыл су жүріп, тұрғындар мәре-сәре болды. Қыста мен үйімді электр радиаторларымен жылытамын, сондықтан ай сайын электр энергиясы үшін көп ақша төлеймін. Мұнда 10 үй бар. Бізге ең болмаса, қалалық әкімдік үйді күрделі жөндеуге немесе тұрғындарды көпқабатты тұрғын үйлерге орналастыруға түрткі болса екен.
Айгүл БЕКЕСОВА,
Лариса ТУДАКОВА
Сұраққа қала әкімінің баспасөз хатшысы Серік ҚАБДОЛОВ былай деп жауап берді:
- ТКШ бастығымен бұл сұрақты көтеремін, жақын арада бұл барақтың мәселесімен кең көлемде айналысатын болады. Барақ тұрғындары осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегіне тіркелмеген екен, барлығы бірігіп қала әкімі атына арыз жазып, бізге келсін, олардың мәселесі міндетті түрде қаралатын болады.