Атырау, 5 желтоқсан 08:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

«Ондықты» қайтарыңдар!

– Неліктен Сарықамысқа дейін жүретін 10-шы маршрутты алып тастады? Біз қалалық әкімдікке хабарласқан едік, ондағылар 15-ші маршруттың өзгергенін, автобустардың әр 2-3 минут сайын келіп тұратынын айтты. Бірақ 15-ші маршрутты күтіп тұру, әсіресе қазір, аязды күндері мүмкін емес. Балаларымыз алты сабақтан соң сағат 7-ден кейін үйлеріне жете алмайды. Аялдамада үсіп-қатып тұрады. Автобустар мүлдем жоқ: 10-шы маршрутта үлкен автобустар, ал 15-шіде Газельдер жүретін. Біздің бағыттағы №10 маршрутты қайта шығаруға болмай ма? 6 ақпан 2014, 00:00 1 820 рет қаралды
Сұрақ-жауап

13 күннің дауы

- Мен вахталық әдіспен 28 де 28 күндік кестемен жұмыс істеймін. Қазір бізді осы кесте бойынша жұмыс істеуге келісеміз деп арыз жазуға мәжбүрлейді. Бірақ жақында ғана заңнамаға вахта 15 күннен аспауы керек деген түзетулер енгізілді ғой. Жұмыс беруші біздің компаниямызда басқа жақтан келіп жұмыс істеушілер көп екенін, олардың көлік шығындарын төлеу тиімсіз екендігін айтып ақталады. Өз құқығымызды қорғау үшін қайда жүгінеміз? Шағымданамыз десек, бізді ауызша «ең нашар жұмысшылар» тізіміне енгіземіз деп қорқытады, әрі қарай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. 6 ақпан 2014, 00:00 3 024 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сәбиге арналған төлқұжат

– Мен жалғызбасты анамын. №4 нысанды анықтамада сәбидің әкесінің аты-жөні деген жерде әкемнің есімі көрсетілген. Шетелге, атап айтқанда, Еуропаға шығу үшін әкемнен сенімхат қажет пе? Мен биылғы демалысымды жоспарлаған едім, алайда турфирмадағылар баламды бірге алып шығу үшін әкемнің жазбаша келісімі қажет дейді. 30 қаңтар 2014, 00:00 1 887 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Арнайы мақсаттағы жер телімі

– Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мен жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатындағы жер телімдерінің айырмашылығы қандай? ЖҚШ мақсатындағы учаскеге салынған жылжымайтын мүлікті банкке кепілзат ретінде салуға бола ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 800 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартта көрсетіледі

– Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз? 30 қаңтар 2014, 00:00 1 583 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алименттік талаптар

– Мен алимент алу үшін сотқа жүгінген едім. Бірақ маған сәбидің кәмелетке толғандығын, мұндай талап-арызды оның өзі беруге тиіс екендігін желеуретіп, құжаттарымды қайтарып жіберді. Кейбір басылымдардан, егер бала толықтай менің асырауымда болса (ол университетте күндізгі бөлімде оқиды және жұмыс жасай алмайды), мұны ол үшін анасы ретінде менің жасай алатынымды оқыған едім. Менен талап-арызды алмауы заңды ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 172 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мемлекеттік нөмір қолжетімді емес

– Көлік әуесқойлары алдағы уақыттағы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаларды күшейту және айыппұлдарды арттыру жөніндегі мәселені белсенді түрде талқыға салуда. Кейбіреулері жарық шағылыстыратын үлдірдің, жарық шағылыстыратын бөлшектері бар лактың және бақылау камерасындағы суретті бұрмалайтын арнайы тордың көмегімен бақылау камераларынан мемлекеттік нөмірлерді жасыруды шындап ойлануға кіріскен. Мемлекеттік нөмірді осылайша «жасыру» әдісіне қатысты жол-патрульдік қызметінің пікірін білгім келеді. Көлік иелеріне осындай әдісті қолданғаны үшін қандай да болмасын жаза бар ма? 23 қаңтар 2014, 00:00 1 996 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жолаушыларға лайықты қызмет қажет

– Мен күн сайын №14 маршрутпен жүремін. Кондукторлардың жолаушыларға жолақы билеттерін бермейтіндігіне наразымын. Жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты автобус жүргізушілері қозғалыс кезінде автобустарды пайдалану ережесін бұзып, үнемі ұялы телефондармен сөйлеседі. Қозғалыс кезінде жүргізушілердің темекі тартатын жағдайлары да жиі кездеседі. Кондукторлар аялдаманы жарияламайды. Әсіресе, №14 маршрут жүргізушісінің (автобустың мемлекеттік нөмірі 539 АА) Авангардтан бастап жол бойына музыканың даусын қатты шығарып, тыңдағанына зығырданым қайнады.  Автобус ішінде кәмелетке толмағандар, егде адамдар бар. Жүргізуші де, кондуктор да ескертуді құлақтарына ілмейді. Тасымалдаушы компания әкімшілігі, қалалық әкімдік қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 2 408 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мақұлдауға жатпайды

– Жеңіл көліктер аспасының серіппесін кішірейтуге бола ма? Қазір көлік жөндеу орталықтарына серіппені қысқартуға жиі тапсырыс береді. Бұл жағдайда көліктің өзінің геометриясы өзгереді, шамдары жанына жарық түсіреді. Жол-патрульдік қызмет қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 3 055 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жүктеме бойынша қойылады

- Мектептердегі мини-орталық тәрбиешілерінің заңды жұмыс сағаты қанша болуы тиіс? Мен мини-орталықта тәрбиеші болып жұмыс жасаймын және пән мұғалімдерінің келуіне байланысты жүктемелеріміз 3 сағатқа қысқарды. Осы дұрыс па? 16 қаңтар 2014, 00:00 2 459 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бәрі сарапшыға байланысты

– Химпоселкедегі Сырдария көшесінде 3 қабатты жатақхана бар. Ол жерде су да, газ да жоқ. Бұрын осы жерде жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін жылу берушілердің жатақханасы қоныс тепкен. Бұл ғимарат күреле ме? 16 қаңтар 2014, 00:00 1 907 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ортақ тәртіпке бағыну

- Қаладағы балабақшаларға таңертеңгі уақытта балаларды қабылдауды сағат 9.00-ге дейін ұзартуға болмай ма? Ең болмаса, қысқы уақытта, себебі таңертеңгі уақыт қараңғы және көлікпен жету қиындық туғызып жатады. 16 қаңтар 2014, 00:00 2 117 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қала сыртында да ауыл бар

– Көкарнада тоғыз жылдан бері тұрамыз. Біз әлденеше рет қалалық әкімдікке жолдарды асфальттау өтінішімен шыққан едік. Бірақ өтінішіміз жауапсыз қалды. Жыл сайын қала орталығын абаттандыруға ондаған миллион қаржы бөлінеді, ал қала маңындағы тұрғындар әлі балшық кешіп жүр. 16 қаңтар 2014, 00:00 1 805 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұйрыққа сай емес

– Компаниялардың біріне жұмысқа орналасқанда үш ай сынақ мерзімімен 1 жылға еңбек келісімшартын жасаған едім. Сынақ мерзімі аяқталған кезде жұмыстан босатылатынымды айтып, маған жұмыстан босату туралы бұйрықпен танысып шығып, қол қоюды сұрады. Неліктен сынақ мерзімінен өтпей қалдым деген сұрағыма жұмыс жасай алмағанымды, басшылық тарапынан ескертулер болғанын ауызша айтты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және не істеймін? Үш ай жұмыс істегенде басшылықтан ешқандай ескерту алған емеспін және еңбек тәртібін бұзған жоқпын. 16 қаңтар 2014, 00:00 3 085 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қиын әрі қауіпті қызмет

- Журналистермен болған кездесуде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жол-патруль қызметі құрылғаннан кейін көліктерді полицейлер тек ЖПҚ арнайы постыларында ғана тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеген еді. Алайда полицейлердің көліктерді кез келген жерде тоқтатуы жалғасуда... Бұған не себеп? 9 қаңтар 2014, 00:00 3 597 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Таласқа түскен жер

– Үш жыл бұрын жер телімін сатып алдым. Бірақ қаржылық жағдайға байланысты үй құрылысын биыл ғана бастадым. Өз жер теліміме келіп, онда үй салынып тұрғанын көргенде, таң қалдым. Көршім бәрін шатастырып алыпты. Мемлекеттік акт бойынша оған менің жерімнің қасындағы телім тиесілі. Мен оған жер телімімді сатып алуды ұсындым, бірақ ол үйді аяқтап қалғанын айтып, бас тартып отыр. Бұл жағдайда қалай болмақ? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 280 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аса ерекше аймақта

– Менің ресми тіркелген екі аңшылық қаруым бар. Олар арнайы сейфте сақтаулы. Соңғы рет құжаттарды қайта ресімдеген кезде (бұл 5 жылда бір рет жасалады) ІІБ-дегілер қаруды сейфте сақтағаннан бөлек, бүкіл пәтерді дабыл жүйесімен жарақтауға тиіс екенімді айтты. Бұл талапқа қандай негіз бар? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 111 рет қаралды