Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Ондықты» қайтарыңдар!

1 820 рет қаралды

– Неліктен Сарықамысқа дейін жүретін 10-шы маршрутты алып тастады? Біз қалалық әкімдікке хабарласқан едік, ондағылар 15-ші маршруттың өзгергенін, автобустардың әр 2-3 минут сайын келіп тұратынын айтты. Бірақ 15-ші маршрутты күтіп тұру, әсіресе қазір, аязды күндері мүмкін емес. Балаларымыз алты сабақтан соң сағат 7-ден кейін үйлеріне жете алмайды. Аялдамада үсіп-қатып тұрады. Автобустар мүлдем жоқ: 10-шы маршрутта үлкен автобустар, ал 15-шіде Газельдер жүретін. Біздің бағыттағы №10 маршрутты қайта шығаруға болмай ма?

Телефон арқылы

 

Сұраққа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің басшысы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді:

– Қалалық №10 маршрут Сарықамыс ықшамауданының тұрғындарына уақытша қызмет көрсететін еді. Өйткені бұрын қызмет көрсетіп жүрген №15 маршрут Амандосов көшесінің бойындағы әскери бөлімше маңында теміржол өткелін қайта жарақтау салдарынан тоқтатылған еді. Бүгінгі күні №15 маршрут қайтадан жүре бастады. Ал №10 маршрут бұрынғы бекітілген «Теміржол вокзалы – Авангард ы/а» сызбасымен қызмет көрсетеді. №15 маршруттың жылжымалы құрамын көбейтуге келер болсақ, бөлім осы маршрутқа қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-не тапсырма берді.

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.