Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мақұлдауға жатпайды

3 056 рет қаралды

– Жеңіл көліктер аспасының серіппесін кішірейтуге бола ма? Қазір көлік жөндеу орталықтарына серіппені қысқартуға жиі тапсырыс береді. Бұл жағдайда көліктің өзінің геометриясы өзгереді, шамдары жанына жарық түсіреді. Жол-патрульдік қызмет қайда қарап отыр?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жауап берді:

– Серіппені қысқарту арқылы көліктің жолға жарық түсіру биіктігін азайту АТС құрылымына (соның ішінде қозғалыс бөлігіне) кез келген өзгерістер енгізу секілді қайта жабдықтау болып табылады және оны Атырау облыстық ІІД ӘПБ-ның жол-техникалық инспекциясы бөлімі мақұлдауы тиіс. Серіппені қысқарту секілді қайта жабдықтау мақұлдауға жатпайтынын айта кеткен жөн, өйткені мұндай өзгерістер ҚР стандарттары мен көлік құралдарын дайындаушы зауыт қарастырған талаптар мен нормаларға қайшы келеді. Осы заң бұзушылық үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461-бабының 6-тармағы («Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару») бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері әлсін-әлі заңсыз қайта жарақталған көлік құралдарын анықтау және жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтік шаралар жүргізеді.

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.